Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қазақстандық делегация Ресейде болды

21 сәуip 2017 ж., 17:25

Қазақстандық делегация бүгін Набережные Челны қаласында болды. «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің» өкілдері аталған қаланың әлеуметтік-экономикалық даму аумағында болып, автоградттың өндірістік әлеуетімен танысты.

Делегация құрамына «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі Басқарма төрағасының орынбасары Айдар Арифханов, «Казына Капитал Менеджмент» АҚ Басқарма төрағасы Асқар Достияров, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қорының төрағасы Абай Сарқұлов, «Қазақстан даму банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Думан Әубакіров секілді көптеген ресми тұлғалар болды.

«Республика үкіметі мен Набережные Челны қаласының басшылығының инвесторларға белсенді қолдау қолсететіні бірден көзге түседі», -деді Айдар Арифханов.

Дереккөз: Набарежная Челны қаласы мэриясының баспасөз қызметі.