Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қор қызметінің ағымдағы бағыттары туралы

«ДАМУ» КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҚОРЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ
2014-2023 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН
ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

2014 жылы 4 шілде күні «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (ары қарай – «Даму» Қоры) Директорлар кеңесінің отырысында «Даму» Қорының 2014-2023 жылдарға Даму стратегиясы бекітілді.

Қордың миссиясы Қазақстандағы қаржы құралдарының кең спектрі мен біліктілікті дамыту бойынша бағдарламалардан тұратын кешенді қолдау көрсету арқылы Қазақстанның ШОБ сапалы дамытуға себін тигізу болып табылады.

Стратегияның негізгі идеясы Қорды шағын және орта бизнеске қолдау көрсету және дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыратын тиімді ұлттық институт ретінде қайта құру болып табылады.

«Даму» Қорының стратегиясы келесі дамыту бағыттарын іске асыруды көздейді: (1) ШОБ субъектілеріне қаржылық қолдау көрсетуді қамтамасыз ету; (2) ШОБ субъектілерінің біліктілігін дамыту.

Қордың тиімді ұлттық институтты құру бойынша бірінші кезектегі міндеттері шегінде қызметтің қаржылық және операциялық нәтижелерінің залалсыз деңгейін қамтамасыз ету, қаржы ресурстарымен басқару тиімділігін арттыру, қызметтің айқындылығын және халықтың сенім деңгейін арттыру күтіледі.

«Даму» Қорының ШОБ қаржылық және қаржылық емес қолдау бойынша стратегиялық бағыттары шегінде ШОБ қаржылық қолдау көрсету көлемін арттыру, ынтымақтастық бағыттарын және жеке қаржы институттарымен бірлесіп ШОБ қаржыландыру/ортақ қаржыландыру механизмдерін кеңейту, ШОБ қаржыландыру көлемін арттыру үшін ішкі және сыртқы нарықтарда қосымша қорландыруды тарту, кәсіпкерлер үшін кеңес беру қызметінің инфрақұрылымын дамыту, кәсіпкерлерді оқыту және біліктілігін арттыру, сондай-ақ ШОБ үшін біртұтас ақпараттық алаңды ендіру және қашықтықтағы консалтингті дамыту бойынша оң серпінді қамтамасыз ету күтіледі.

Негізгі қызметтің шегінде барлық шараларды іске асыру қаржылық-экономикалық саясатты, тәуекел-менеджментін жүргізуді, корпоративтік басқаруды жетілдіруді, кадрлық саясатты жетілдіруді, ішкі бақылау жүйесін жетілдіруді, заманауи ақпараттық технологияны ендіруді, қаржы ресурстарын басқару тиімділігін арттыруды, қызметтің айқындылығын және халықтың сенім деңгейін арттыруды және т.б. қоса, «Даму» Қорының қызметінің тиімділігін арттыру бойынша жұмыспен байланысты.

PDF «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ 2014-2023 жылдарға арналған даму стратегиясы (1.8 Mb)

PPT Презентация «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ 2014-2023 жылдарға арналған даму стратегиясы (598.8 Kb)