Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қордың Директорлар кеңесі

Директорлар Кеңесінің Мүшелері:

1) Асқар Ұзақбайұлы Мамин - Директорлар Кеңесінің төрағасы

Мамин Аскар Узакпаевич

Директорлар кеңесіне сайланған күні – 2016 жылғы 13 қыркүйек

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
1965 жылы туылған

БІЛІМІ:

1987 жылы Целиноград инженерлік-құрылыс институтын құрылысшы-инженер мамандығы бойынша бітірген;

2003 году жылы Ресейдің Г.В Плеханов атындағы экономикалық академиясын экономист мамандығы бойынша бітірген.

ЕҢБЕК ЖОЛЫ:

  • 1991-1993 жылдар – Қазақстан инновациялық кәсіпорындары Одағы бас директорының орынбасары;
  • 1996-2000 жылдар –Ақмола (Астана) қаласы әкімінің бірінші орынбасары;
  • 1998-2000 жылдар – Ақмола арнайы экономикалық аумағы әкімшілік кеңесі төрағасының орынбасары;
  • 2000-2002 жылдар – Қазақстан республикасы көлік және коммуникациялар вице-министрі;
  • 2000-2001 жылдар – ҚР көлік және коммуникациялар Министрлігіне қарасты Автожолдар комитетінің төрағасы;
  • 2003-2004 жылдар –Қазақстан Республикасы индустрия және сауда І вице-министрі;
  • 2005-2006 жылдар – Қазақстан Республикасы көлік және коммуникациялар министрі;
  • 2006-2008 жылдар – Астана қаласының әкімі;

2008 жылдың сәуір айынан бастап «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ президенті;

2014 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы көлік, логистика және байланыс Комитетінің төрағасы.

Қор акцияларын иеленбейді.

Қор жабдықтаушыларының және бәсекелестерінің акцияларын иеленбейді.

«Кұрмет» және «Барыс» ордендерімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.


2) Жолдыбаева Ғалия Тағыбердіқызы - Директорлар кеңесінің мүшесі

Директорлар кеңесіне бірінші сайланған күні – 24 қыркүйек 2012 жыл, 15 сәуір 2013 жылы қайта сайланған.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

1973 жылы туылған

Қордың Директорлар кеңесінің стратегиялық және бюджеттік жоспарлау жөніндегі Комитетінің мүшесі

БІЛІМІ:

1996 жылы Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Юриспруденция» мамандығы бойынша үздік бітірген.

ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІ:

  • 2009 жылдың қазан айы нан - 2012 жылдың қыркүйек айы аралығында Павлодар облысының Әділет департаментін басқарды.
  • 2012 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитетінің төрайымы болып тағайындалды.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры.

Қор акцияларын иеленбейді.

Қор жабдықтаушыларының және бәсекелестерінің акцияларын иеленбейді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен, «Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалімен, «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.


3) Досаев Ерболат Асқарбекұлы Директорлар кеңесінің мүшесі

Досаев Ерболат Аскарбекович

Директорлар кеңесіне сайланған күні – 2016 жылғы 13 қыркүйек.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.
1970 жылы туған.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қорының Жалғыз акционерінің өкілі.

БІЛІМІ:

1987 жылы - Алматы қаласының О.Жәутіков атындағы Республикалық физико-математикалық Мектеп-Интернатын бітірді.
Алматы энергетикалық институтын, Бауман атындағы Мәскеу Мемлекеттік техникалық университетін бітірді.

ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІ:

  • 1997 ж. - «Тұран Әлем Банкі» ЖАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, «АТФ Банк» ЖАҚ Басқарма Төрағасы;
  • 1998 ж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі кеңесшісі;
  • 1998 ж. – Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі;
  • 2000 ж. – Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі;
  • 2001 ж. – Қазақстан Даму банкі Директорлар Кеңесінің Төрағасы;
  • 2001-2003 жж. - Қазақстан Республикасы Табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің Төрағасы;
  • 2003 - 2004 жж. - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі; Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің басқарушысы; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқарма мүшесі;
  • 2004 - 2006 жж. - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;
  • 2006 - 2012 жж. «Қазинвестбанк» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы;
  • 2012 жылғы 25 қыркүйектен Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі.
  • 2013 жылғы 16 қаңтардан Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.
  • 2014 жылғы 6 тамызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен (№ 880) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.
  • 2015 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен (№ 5) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып қайта тағайындалды.

2016 жылғы 16 мамырда «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқармасының Төрағасы болып тағайындалды.

Қор акцияларын иеленбейді.

Қор жабдықтаушыларының және бәсекелестерінің акцияларын иеленбейді.


4) Әріпханов Айдар Әбдіразақұлы - Директорлар кеңесінің мүшесі


Директорлар кеңесіне сайланған күні – 8.02.107

Азаматтығы: Қазақстан Р еспубликасы

1974 жылғы 28 қарашада туған.

Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі Комитеттің мүшесі, аудит жөніндегі Комитеттің және стратегиялық және бюджеттік жоспарлау Комитетінің мүшесі.

БІЛІМІ:

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын аяқтаған, ҚР СІМ Дипломатиялық академиясын үздік тәмамдаған, сондай-ақ «Болашақ» президенттік бағдарламасы шеңберінде Колумбия университетін аяқтап, 2008 жылы экономикалық саясатты басқару бағдарламасы бойынша мемлекеттік әкімшілендіру магистрі дәрежесін алған.

ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІ:

· 1997 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Сыртқы қарыз алу комитеті бағдарламалық және әлеуметтік қарыздар бөлімінің бас маманы болып бастаған.

· 1998-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бөлімдерінде бастық (бағдарламалық және әлеуметтік қарыздар, мемлекеттік сыртқы қарыз алу және мемлекеттік кепілдер басқармасы қарыздарды іске асыру), Үкіметтік қарыздар және мемлекеттік кепілдер басқармасының бастығы және Мемлекеттік қарыз және кредит беру департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарған.

· 2004-2007 жылдары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі. 2006 жылы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары.

· 2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі.

· 2009 жылы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі. 2009-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары.

· 2010-2011 жылдары – «Қазақтелеком» АҚ басқарушы директоры.

· 2011-2015 жылдары – «Қазатомпром» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының орынбасары, басқарма төрағасының міндетін уақытша атқарушы (31.03.2015).

· 2015-2017 жылдары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі.

· «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен 2017 жылғы қаңтарда Басқарма төрағасының орынбасары болып сайланды.

Қор акцияларын иеленбейді.

Қор жабдықтаушыларының және бәсекелестерінің акцияларын иеленбейді.


5) Ертілесова Жаннат Жұрғалиқызы - Тәуелсіз директор

Ертілесова Жаннат Жұрғалиқызы

Директорлар кеңесіне сайланған күні – 26 наурыз 2012 жыл, 15 сәуір 2013 жылы қайта сайланған
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
1956 жылы туылған

Тәуелсіз директор

Қордың Директорлар кеңесінің аудит жөніндегі Комитетінің Төрайымы

БІЛІМІ:

1978 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік универститетін «математик» мамандығы бойынша тәмамдаған. Экономика ғылымдарының докторы, профессор, елуден астам ғылыми еңбектің авторы.

ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІ:

  • 2005 жылғы шілде айында Қазақстан салықтөлеушілер қауымдастығының Басқарушы Кеңесінің Төрайымы болып тағайындалған.
  • 2007 жылдың ақпанынан бастап – «Қазына» Орнықты дамыту қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.
  • 2007 жылдың ақпанынан бастап – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің штаттан тыс Кеңесшісі.

Қор акцияларын иеленбейді.

Қор жабдықтаушыларының және бәсекелестерінің акцияларын иеленбейді.


6) Ораз Әлиұлы Жандосов – Директорлар кеңесінің мүшесі

Ораз Әлиұлы Жандосов

Директорлар кеңесіне сайланған күні – 24 қыркүйек 2012 жыл, 15 сәуір 2013 жылы қайта сайланған
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
1961 жылы туылған

Тәуелсіз директор

Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау Комитетінің Төрағасы, тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі Комитеттің мүшесі

БІЛІМІ:

1987 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің экономика факультетін (экономист-кибернетик) үздік бітірген.

ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІ:

  • 2008 жылдан - қазіргі уақытта - «РАКУРС» Экономикалық Талдау Орталығының директоры. Қазақстанның саяси қайраткері болып табылады; Халықаралық Бизнес Академиясының Қамқоршылық кеңесінің мүшесі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы Президиумының мүшесі болып табылады.

«Құрмет» Орденімен марапатталған.

Қор акцияларын иеленбейді.

Қор жабдықтаушыларының және бәсекелестерінің акцияларын иеленбейді.


7) Бисекеев Серікбай Жолдыбайұлы – Директорлар кеңесінің мүшесі

Директорлар кеңесіне сайланған күні – 31 шілде 2014 жыл
Азаматтығы: Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы - ықтиярхат
1971 жылы туылған

Тәуелсіз директор

Директорлар кеңесінің тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі Комитетінің Төрағасы, аудит жөніндегі Комитеттің және стратегиялық және бюджеттік жоспарлау Комитетінің мүшесі.

БІЛІМІ:

Ленинград Политехникалық институтын бітірген.

ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІ:

  • 2000 жылдан – қазіргі уақытта - «ArmanHolding» КТ президенті.

2013 жылы «Ғалымдардың Еуразиялық Экономикалық клубы» Қауымдастығының Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен ынтымақтастығы мәселелері бойынша Вице-президент мәртебесі берілген.

Қор акцияларын иеленбейді.

Қор жабдықтаушыларының және бәсекелестерінің акцияларын иеленбейді.