Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру ережелері

«Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығына және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2013 жылғы 27 тамыздағы №630 «Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның (ары қарай - Қор) акциялар пакеті «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-на тапсырылған.

Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының негізінде (34-1 бап) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 Қаулысымен бекітілген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесіне сәйкес, Қормен Қордың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру ережелері әзірленген және бекітілген.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру ережелері (22.12.2014 ж. жағдай бойынша өзгертулерімен және толықтыруларымен)