Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Гранттар

Қайтарымсыз мемлекеттік грант алу мүмкіндігінен қапы қалмаңыз!
Бір кәсіпкер үшін ең жоғары грант сомасы – 3 млн.теңге.

Грантты қандай мақсаттарға алуға болады?

негізгі қор мен материал- дарды сатып алуға; технология сатып алуға; бейматериалдық активтерді сатып алуға; франшиза құқығын сатып алуға.
Грант қаражаты жылжымайтын мүлік, жер телімін сатып алуға және жалдама үшін төлемақы жасауға пайдаланылмайды.

Грантты беру тәртібі

  • 1

    Кәсіпкер мемлекеттік грант алу үшін бір ғана бизнес-жобамен іріктеу байқауына қатыса алады;

  • 2

    Кәсіпкерлер өтініші грант беру бойынша ақырғы шешім қабылданатын Өңірлік Үйлестіру Кеңесі (ӨҮК) отырысында талқыға салынады;

  • 3

    Грант берілу үшін кәсіпкер «Бизнес-Кеңесші» жобасының курсын тәмамдап, сонымен қатар жобаларды гранттың ұсынылған көлемінен ең кемі 10% өз қаражатымен бірлесіп қаржыландыруы міндетті шарт болып табылады.