Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

«Іскерлік байланыстар» құралы

Назар аударыңыз: 2016 жылдан бастап «Іскерлік байланыстар» құралын Қазақстан кәсіпкерлерінің Ұлттық палатасы жүзеге асырады.

Төменде келтірілген ақпарат анықтамалық болып саналады, сондықтан нақтылауды қажет етеді! «Іскерлік байланыстар» құралы жөніндегі сұрақтар туындаған жағдайда Қазақстан кәсіпкерлерінің Ұлттық палатасының колл-орталығына хабарласуларыңызды сұраймыз.

Құралдың мақсаты - халықаралық және шетелдік ұйымдардың қолдауымен
шетелдік серіктестермен іскерлік байланыс орнату есебінен ШОК субъектілеріне қолдау көрсету.

«Іскерлік байланыстар» құралы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың Бірыңғай бағдарламасындағы экономиканың басым секторларында жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жоғары және орта буын басшыларына ұсынылады.

«Іскерлік байланыстар» құралы
2 кезеңнен тұрады
1кезең

Қатысушылардың біліктіліктерін арттыру
бизнес-серіктестермен іскерлік байланыстар орнату, кәсіпкерлікті, маркетингті жүргізудің заманауи тәсілдерін оқыту және 3 апталық тегін бизнес-тренингтер
(шетелдік және отандық бизнес-үйретушілер мен кеңесшілер басшылығымен).

  • 2 апта (10 күнтізбелік күн үздіксіз, іштей түрінде) – Басқарушылық құзіреті және сыртқы экономикалық байланыстар саласындағы құзіреттілік (Астана мен Алматы қалаларында) атты екі негізгі бөлімдер бойынша теориялық және тәжірибелік сабақтар.
  • 1 апта (5 күнтізбелік күн, сырттай түрінде) – онлайн-семинарлар мен кеңес берулер.
  • Қатысушының оқу барысында өз кәсіпорнына бизнес-жоспар әзірлеуі (шетелдік және отандық бизнес-уйретушілер басшылығымен).
  • «Іскерлік байланыстар» құралының келесі екінші кезеңіне іріктеу байқауына қатысу мүмкіндігімен (тренингтер аяқталған соң) бизнес-жоспарды өз бетінше жасап бітіру.
  • курсты табысты бітірді деген сертификат алады (қатысушы тренингтерді аяқтаған соң).
2кезең

Германиядағы төрт апталық тақырыптық бизнес-тағылымдама
ұқсас сала кәсіпорындарында, және шетелдік серіктестермен мына мәселелер бойынша іскерлік байланыс орнату:

  • технологияны трансферттеу мен құрал-жабдық сатып алу;
  • өзара тауарлар, жұмыс пен қызметтерді жеткізу;
  • франшиза мен лицензия алу;
  • халықаралық және шетелдік ұйымдардың гранттарын алу;
  • бірлескен кәсіпорын құру.
  • Тағылымдамаға қатысушыларды іріктеуді қазақстан-герман комиссиясы бірігіп іске асырады және үміткерлермен сұхбаттасуда олардың тағылымдамаға қатысу мақсаты, жобалық тапсырманы бағалау мен байқау құжаттарын сараптау қамтылады.

Тренингке қатысушылар тек тренинг өтетін жерге дейінгі көлік шығыны мен мекендеуіне төлейді.

Тағылымдамадан өтетін елге Қазақстаннан ұшып баруы мен кері қайтуына, сондай-ақ мекендеуі үшін шығындарды қатысушы көтермейді.
Қазақстаннан ұшып кететін жерге дейін қатысушы өз қаражатымен жетеді

Іріктеу өлшемі.
Тағылымдамадан өтуге үміткерлер:

  • тағылымдамадан өтудің нақты мақсаты болуы;
  • Германиядағы әлеуетті серіктестер мен жеткізушілер жайлы жете хабардар болуы;
  • Келіссөздер жүргізу мен шарттарға қол қою өкілеттігіне ие болуы;

Құралдың бірінші кезеңін аяқтағаны жайлы немесе «Назарбаев Университеті» Жоғары бизнес мектебі базасында «Шағын және орта кәсіпкерлік топ-менеджментін оқыту» компонентінің сертификаты болуы тиіс.

«Іскерлік байланыстар» құралына қатысудың талаптары

Кәсіпорын шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі болуы тиіс Қатысушының лауазымы басшы орынбасарынан төмен емес немесе кәсіпорынның орта буын жетекшісі болуы тиіс Кәсіпорынның ағымдағы әрекеті «Бизнестің жол картасы 2020» Бірыңғай бағдарламасындағы экономиканың басым салаларының тізбесіне сәйкес болуы тиіс

Аймақтық филиал қызметкерлерінің тізімі

«Іскерлік байланыстар» құралы аясында өтінім беру мен жүгіну үшін

№ р/с Облыс, қала атаулары Электронды пошта Телефон Аты-жөні
1 Ақмола облысы Aisulu.Aubakirova@fund.kz 8 (7162) 55-11-21, 55-11-14, ішкі 3261 Айсұлу Әубәкірова
2 Ақтөбе облысы Kulay.Zhankina@fund.kz 8 (7132) 70-38-05, 70-38-10, 70-38-11, 70-38-07 Күләй Жанкина
3 Алматы облысы Zhandos.nurgazinov@fund.kz 8 (7282) 241727; 558710 (11,12) Жандос Нұрғазинов
4 Атырау облысы Laura.Amirova@fund.kz 8 (7122) 558 – 101,
ұялы: 8 778 329 34 11
Лаура Әмірова
5 Шығыс Қазақстан облысы Kainar.Lastaev@fund.kz 8 (7232) 560-590  Қайнар Ластаев
6 Жамбыл облысы Zhasulan.Yeszhanov@fund.kz 8 (7262) 54-11-50, 99-94-70 Жасұлан Есжанов
7 Батыс Қазақстан облысы

Dinara.Kulanbayeva@fund.kz
Asel.Arnold@fund.kz

8 (7112) 93-34-53, 93-34-52 (ішкі 3508)

Динара Кұланбаева
Әсел Арнольд

8 Қарағанды облысы Kar09@fund.kz 8 (7212) 40-09-68, 40-09-69 Жандос Бөкенов
9 Қостанай облысы Assel.kazakova@fund.kz 8 (7142) 54-24-41; 8(7142) 54-15-83 87751427837 Әсел Казакова
10 Қызылорда облысы Ainur.Tobzhanova@fund.kz 8 (7242) 55-11-17 Айнұр Тобжанова
11 Маңғыстау облысы Zhanar.Yermakhanbetova@fund.kz 8 (7292) 70-10-51 Жанар Ермаханбетова
12 Павлодар облысы Aigul.Alibekova@fund.kz 8 (7182) 20-83-59 Айгүл Әлібекова
13 Солтүстік Қазақстан облысы Gulmira.Zhakupova@fund.kz 8 (7152) 55-98-11 (ішкі 3806) Гүлмира Жақыпова
14 Оңтүстік Қазақстан облысы Maja.Berdalieva@fund.kz 8-778-290-70-50, 8/7252/99-70-49 Майя Бердалиева
15 Алматы қ. Laura.Oraltaeva@fund.kz 8 (727) 244-55-66 (ішкі 3113) Лаура Оралтаева
16 Астана қ. Zamzagul.Khamzina@fund.kz 8 (7172) 55-94-34, 55-94-36; 8(7172)55-94-34(3006) (3009) Зәмзәгүл Хамзина
Данияр Торғаев

Қосымша ақпараттар бойынша «Даму» Қорының аймақтық филиалдарына жүгініңіз, сонымен қатар Сall-орталыққа мына тел. 8 (727) 244-55-77 немесе қалалық және ұялы нөмірлерден 1408 қысқа нөміріне хабарласыңыз.