Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

«Аға сеньорлар» компоненті

Назар аударыңыз: 2016 жылдан бастап «Аға сеньорлар» компонентін Қазақстан кәсіпкерлерінің Ұлттық палатасы жүзеге асырады.

Төменде келтірілген ақпарат анықтамалық болып саналады, сондықтан нақтылауды қажет етеді! «Аға сеньорлар» компоненті жөніндегі сұрақтар туындаған жағдайда Қазақстан кәсіпкерлерінің Ұлттық палатасының колл-орталығына хабарласуларыңызды сұраймыз.

Сізге сіздің ісіңіздің аясынан тәжірибелі, бұған қоса сізге бәсекелес бола алмайтын сарапшы-практик қажет пе?
Онда басқарудың жаңа әдістерін, өндіріске технология, жабдық енгізу мен қызметкерлерді оқыту («Аға сеньорлар» компоненті) мәселелері бойынша жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға өтінім беріңіз. Сонда сіздің кәсіпорныңызға халықаралық деңгейдегі көрген-түйгені мол тәжірибелі маман келеді.

«Аға сеньорлар» компоненті жайлы не білу қажет?

  • «Аға сеньорлар» компоненті - Аға сеньорлар тәжірибесі мен білімін пайдалану көмегімен шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы олардың миссияларына сәйкес Аға сеньорлар әрекетін үйлестіретін, халықаралық шетелдік ұйымдардың (ХШҰ) «БЖК 2020» Бірыңғай бағдарламасы (Бағдарлама) аясында бірлесе жүзеге асырылады.
  • Сарапшылық көмек, бизнесті жүргізуде туындаған мәселелерді шешуде тәжірибелік машықты қалыптастыру мақсатындағы ұйымдастырушылық және техникалық сипаттағы мәселелерді шешуде тәжірибелік көмек көрсету мен қызметкерлерді оқытудан тұрады.
  • Кеңес беру бағдарламасына Аға сеньорлардың бағдарлама қатысушыларымен тікелей кәсіпорын аумағында кездесуінен, сонымен қатар қатысушылар толтырған өтінімдерді саралау негізінде әзірленген сарапшының тәжірибелік ұсынымы енгізілген.

Сарапшылық көмектің көрсетілу шарттары

  • Жобаға экономиканың басым секторларында істерін жүргізіп жүрген шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жоғары және орта буын басшылары қатыса алады;
  • «Аға сеньорлар» компоненті бойынша шетелдік сарапшыларды тартудың шығындары, сонымен қатар шетелдік сарапшылардың ұшып келу-кетуі, қызметінің өтеуі республикалық бюджет есебінен төленеді;
  • Сарапшының Қазақстанда мекендеуіне байланысты шығындары: жатын жайы, тамағы, ел ішіндегі көлікпен қатынауы, күндігі, сонымен қатар аудармашының қызметтерін кәсіпкер өз қаражатынан төлейді.

Аға сарапшы Сіз бен Сіздің қызметкерлеріңізді оқытып, техникалық және ұйымдастырушылықтағы түйткілді мәселелерді шешуде тәжірибелік көмек көрсетеді. Және Сіз оған ақша төлемейсіз - Сіздің кәсіпорныңыздағы сарапшы жұмысына мемлекет төлейді!

Сізге тек сарапшының Қазақстанда мекендеуіне байланысты: жатын жайы, тамағы, көліктік және ел аумағындағы сарапшылық миссиясын өткізудегі тәуліктік, сонымен қатар аудармашының қызмет шығындарын мойныңызға алсаңыз болғаны.

«Аға сеньорлар» компонентінің негізгі мақсаты мен міндеттері

  • Шетелдік сарапшылар тарапынан консультациялық-менторлық қызмет алу бойынша шараларды жүзеге асыру арқылы қазақстандық кәсіпкерлердің кәсіби және білім деңгейін көтеру;
  • Қазақстандық және шетелдік кәсіпкерлер арасындағы іскерлік байланысты жолға қою.
  • Шетелдің ірі компанияларында жұмыс істеген сарапшылардың білімі мен тәжірибесі көмегімен салалық ерекшеліктерін есепке ала отыра кәсіпкерлердің құзіреттілігін арттыру;
  • Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріске технология енгізу және қызметкерлерді оқыту;
  • Сарапшылар кеңесін алған кәсіпорындардың бизнес жобаларын қаржыландырудағы тәуекелдікті төмендету.

Сарапшы миссиясын ұйымдастырудың құрылымы

  • Оператор («Даму» Қоры» АҚ) Бағдарлама Үйлестірушісімен бірігіп жергілікті деңгейде тікелей және/немесе бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Бағдарлама қатысушылары мен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне «Аға сеньорлар» компонентінің жүзеге асырылу шарттары жайлы хабарлайды.
  • Өтініш беруші шетелдік мамандарды тарту үшін белгіленген үлгіде өтінім толтырып Операторға береді.
  • Оператор өтінімді қарап, іріктеуден өткізеді. Іріктелген өтінімдердің ішінен Оператор өтінім жиынтығын құрап, Жұмыс органына келісуге жібереді.
  • Жұмыс органы келісілген қатысушылар тізімін шетелдік сарапшыларды тарту бойынша шаралар ұйымдастыруды жүзеге асыру үшін Операторға жібереді.
  • Оператор ХШҰ-мен бірігіп шетелдік мамандарды тартуды қамтамасыз етеді.
  • Оператор «Аға сеньорлар» компонентінің жүзеге асырылуына мониторинг жасайды.
  • ХШҰ Орындаушыға шетелдік мамандардың әр миссияны біткендігі бойынша жұмыс нәтижесінің есебін жібереді.

Аймақтық филиал қызметкерлерінің тізімі

«Аға сеньорлар» компоненті аясында өтінім беру мен жүгіну үшін

№ р/с Облыс, қала атаулары Электронды пошта Телефон Аты-жөні
1 Ақмола облысы Aisulu.Aubakirova@fund.kz 8 (7162) 551121 (ішкі 3261) Айсұлу Әубәкірова
2 Ақтөбе облысы Kulay.Zhankina@fund.kz 8 (7132) 70-38-05, 70-38-10, 70-38-11, 70-38-07
Күләй Жанкина
3 Алматы облысы Zhandos.nurgazinov@fund.kz 8 (7282) 241727; 558710 (11,12) Жандос Нұрғазинов
4 Атырау облысы Laura.amirova@fund.kz 8 (7122) 55-81-01, 55-80-91
8 (7122) 35-46-51,
ұялы: 87783293411
Лаура Әмірова
5 Шығыс Қазақстан облысы Murat.Akenev@fund.kz 8 (7232) 560590, 560593
8 7232 560 585 (ішкі 3423)
8 (7222) 60-00-50 (Семей қ.)
Мұрат Әкенев
6 Жамбыл облысы Zhasulan.Yeszhanov@fund.kz 8 (7262) 541150, 541151 Жасұлан Есжанов
7 Батыс Қазақстан облысы Dinara.Kulanbayeva@fund.kz
Asel.Arnold@fund.kz
8 (7112) 93-34-53, 93-34-52 (ішкі 3508) Динара Кұланбаева
Әсел Арнольд
8 Қарағанды облысы K.Abdikalikov@fund.kz 8 (7212) 400969 (68) Құлмұхамед Әбдіхалықов
9 Қостанай облысы Assel.kazakova@fund.kz 8 (7142) 990305 (06, 07) Әсел Казакова
10 Қызылорда облысы Ainur.Tobzhanova@fund.kz 8 (7242) 55-11-17 Айнұр Тобжанова
11 Маңғыстау облысы Zhanar.Yermakhanbetova@fund.kz 8 (7292) 701051 Жанар Ермаханбетова
12 Павлодар облысы Aigul.Alibekova@fund.kz 8 (7182) 20-83-59 Айгүл Әлібекова
13 Солтүстік Қазақстан облысы Gulmira.Zhakupova@fund.kz 8(7152) 55-98-10, 55-98-11 (ішкі 3806) Гүлмира Жақыпова
14 Оңтүстік Қазақстан облысы Maja.berdalieva@fund.kz 87782907050, 8 (7252) 99-70-49 (ішкі 3853) Майя Бердалиева
15 Алматы қ. Zaure.karmenova@fund.kz 8 (727) 244-55-66 (3110) Зәуре Карменова
16 Астана қ. Zamzagul.Khamzina@fund.kz 8 (7172) 559-199, 559-434, 559-214, 559-435, 559-436, 559-213 Зәмзәгүл Хамзина

Қосымша ақпараттар бойынша «Даму» Қорының аймақтық филиалдарына жүгініңіз, сонымен қатар Сall-орталыққа мына тел. 8 (727) 244-55-77 немесе қалалық және ұялы нөмірлерден 1408 қысқа нөміріне хабарласыңыз.