Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

«Шағын және орта кәсіпкерлік топ-менеджментін оқыту» компоненті

«Шағын және орта кәсіпкерлік топ-менеджментін оқыту» компоненті «Назарбаев Университеті» ДБҰ Жоғары мектебі базасында «Бізнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың Бірыңғай бағдарламасы аясында шетелдік оқыту орталықтарын тартумен табысты бизнесті құрудың жаңа модельдерін енгізуге, жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды тиімді басқарудағы машықтарды дамыту мен стратегиялық және тактикалық бизнес міндеттерді шешуге бағытталған.

Оқытудың мақсаты:

  • Топ-менеджерлерді жаңа модельдер жасауға және бизнесті жүргізуге оқыту;
  • Компанияның бәсекеге қабілеттілігін,өміршеңдігін және тұрақты өсуін арттыру;
  • Тұрғындардың бизнесті жүргізудегі кәсіпкерлік деңгейін көтеру.


Жобаға қатысуға қойылатын талаптар:

  • Компонентке экономиканың басым секторларында әрекет етіп жүрген шағын және орта бизнес кәсіпорнының жоғары және орта буын басшылары қатыса алады;
  • Компонент қатысушылары оқу өтетен жерге барып-қайту жолақысын, сонымен қатар оқу кезеңіндегі жатын жайға өздері төлейді;
  • Оқу бойынша қатысушылардың шығыны республикалық бюджет есебінен төленеді.

Оқыту үдерісі:

Шағын және орта кәсіпкерлік топ-менеджментіне оқыту 3 кезеңнен тұрады:

1кезең

30 қатысушыдан (14 топ) аудиторияларда топтап үш күндік іштей оқыту.

Негізгі тақырыптар (Оқыту бағдарламасы):

  • 1Күн
    Мүмкіндіктерді анықтау.

    Табысты және өскелең бизнесті құру моделін енгізу;

    Әлеуетті бизнес мүмкіндіктерді анықтауға арналған өлшемдер;

    Бизнестің негізі – модельдерді (бизнес-кейстерді қарастыру) зерделеу;

    Нарықтық іске асушылық жоспарын құру.

  • 2Күн
    Ресурстарды пайдалану.

    Адамдық, ақпараттық, қаржылық ресурстарды, активтер мен бизнес-жоспарларды пайдалану мүмкіндіктері;

    Үнемді ұйым құрудың қағидаттары;

    Ұйым қорларын ысырап қылатын көздерді қалай анықтау және онымен күрес жүргізу;

    Ұйымның қаржылық тұрақтылығы үшін ақша ағынын басқару;

    Қызмет көрсетуге бағдарланған ұйым құрудың әдістері;

    Бизнесті дамыту мен қаржы бойынша шеберлік сабағы;

  • 3Күн
    Адамдар және болашақ.

    Табысты бизнес жоспарды әзірлеу;

    Көшбасшылық. «Менеджмент» пен «жетекшілік» арасындағы айырмашылық;

    ШОК ұйымдастырудағы көшбасшының ролі;

    Бизнесті бағалаудың әдістемелері;

    Табысты бизнес жоспарды жазу және оны таныстыру;

    Тренингтік веб-сайт жұмысы бойынша нұсқама;

    Оқытудың одан әрі барысын түсіндіру.

2кезең

онлайн-семинарлар
(қазақстандық мамандардың қатысуымен)

  • 1

    Кәсіпкерліктегі құқықтық мәселелері.

  • 2

    Капитал тартудың әдістері.

  • 3

    Табысты бизнес жоспар таныстырылымы.

3кезең

Бизнес жоспарды әзірлеу мен бағалау

  • 1

    Нарықтық іске асушылық жоспары мен табысты бизнес жоспарын құру.

  • 2

    Құжаттарды ағылшын тіліне өз бетімен аудару.

  • 3

    Материалдар оқытушыларға электронды түрде жіберіледі.

Барлық түсіндірмелер мен бағалауларды қосқанда, тексерулерден соң, бизнес жоспарлар әзірлеушілерге жіберіледі.

Компоненттер аяқталған соң кәсіпкерлерге Назарбаев Университетінің Дьюк Университетімен біріккен оқу курсын табысты бітіргендігі жөнінде сертификат беріледі.
Онан әрі сертификат, бизнес жоспармен қоса кәсіпкердің «Бизнестің жол картасы-2020» іске асыру аясындағы «Іскерлік байланыстар» құралы бойынша шетелде тақырыптық бизнес-тағылымдамадан өтуге өтінім беруіне құқық береді.

«Шағын және орта кәсіпкерлік топ-менеджментін оқыту» компонентіне қатысушыларға қойылатын талаптар:
  • Өтінім беруші кәсіпорында жоғары және орта буын басшысы қызметінде болуы тиіс.
  • Кәсіпорын шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі болуы тиіс.
  • Кәсіпорынның ағымдағы әрекеті «Бизнестің жол картасы 2020» Бірыңғай бағдарламасындағы экономиканың басым салаларының тізбесіне сәйкес болуы тиіс.

Аймақтық филиалдардағы қызметкерлер тізімі

«Шағын және орта кәсіпкерлік топ-менеджментін оқыту» компоненті аясында өтінімдер беру мен жүгіну үшін

№ р/с Облыс, қала атаулары Электронды пошта Телефон Аты-жөні
1 Ақмола облысы Erbolat.Edigeev@fund.kz 8 (7162) 55 11 21 (ішкі 3261);
8 (7162) 55 11 14 (ішкі3281)
Ерболат Едигеев
2 Ақтөбе облысы Alibi.Sabyr@fund.kz 8 (7132) 70-38-06; 70-38-08;
8 (7132) 70-38-11; 70-38-07
Алиби Сабыр
3 Алматы облысы Zhandos.nurgazinov@fund.kz 8 (7282) 241727; 558710;
8 (7282) 558711; 558712
Жандос Нұрғазинов
4 Атырау облысы Roza.Baisalikhova@fund.kz 8 (7122) 55 81 01 (ішкі 3376),
ұялы: 87013954925
Роза Байсалықова
5 Шығыс Қазақстан облысы Kainar.Lastaev@fund.kz 8 (7232) 560 585 (ішкі 3407);
8 (7232) 560 590
Кайнар Ластаев
6 Жамбыл облысы Zhasulan.Yeszhanov@fund.kz 
Doskhan.Sattibayev@fund.kz
8 (7262) 54 11 50
8 (7262) 54 11 51 
Жасұлан Есжанов
Досхан Саттибаев
7 Батыс Қазақстан облысы Dinara.Kulanbayeva@fund.kz
Asel.Arnold@fund.kz
8 (7112) 93-34-53, 93-34-52 (ішкі 3508) Динара Кұланбаева
Әсел Арнольд
8 Қарағанды облысы Kar09@fund.kz
Aigul.Zhitikova@fund.kz
8 (7212) 40 09 68 (3041), 40-09-69 (ішкі 3553) Жандос Бөкенов
Житикова Айгуль
9 Қостанай облысы Elena.oganova@fund.kz 8 (7142) 54-24-41 8 (7142) 990 300 (3621) Елена Оганова
10 Қызылорда облысы K-orda02@fund.kz 8 (7242) 55-11-17 Анар Кожаниязова
11 Маңғыстау облысы Zhanar.Ermakhanbetova@fund.kz 8 (7292) 701051 (ішкі 3705) Жанар Ермаханбетова
12 Павлодар облысы Aigul.Alibekova@fund.kz 8 (7182) 20-83-59 Айгүл Әлібекова
13 Солтүстік Қазақстан облысы Gulmira.Zhakupova@fund.kz 8 (7152) 559811 (ішкі 3806) Гүлмира Жақыпова
14 Оңтүстік Қазақстан облысы Maja.berdalieva@fund.kz Майя Бердалиева
15 Алматы қ. Laura.Oraltaeva@fund.kz 8 (727) 244-55-66 (ішкі 3113) Лаура Оралтаева
16 Астана қ. Zamzagul.Khamzina@fund.kz 8 (7172) 55-94-34, 55-94-36 Зәмзәгүл Хамзина

Қосымша ақпараттар бойынша «Даму» Қорының аймақтық филиалдарына жүгініңіз, сонымен қатар Сall-орталыққа мына тел. 8 (727) 244-55-77 немесе қалалық және ұялы нөмірлерден 1408 қысқа нөміріне хабарласыңыз.