Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Кәсіпкерлерлерге қызмет көрсету орталықтары (КҚКО)

КҚКО – бұл бизнесті жүргізудегі өзекті мәселелер бойынша оқытулар, шеберлік сабақтары мен семинарларды «бір терезе» қағидатымен толық консалтингтік қызмет көрсететін пакет.
Және мұның барлығы - тегін!

  • 1
    Мемлекеттік қолдау құралдары мен түрлері бойынша консалтинг:
    • «Даму» Қорының бағдарламалары мен құралдары бойынша кеңестер, сонымен қатар өзге де кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары;
    • Қажетті құжаттар тізбесімен субсидиялар, кепілдіктер және гранттар алу үдерісі бойынша қадамдық нұсқау;
    • Мемлекеттік қолдау алу үдерісіндегі КҚКО кеңесшілерінің ілеспе қызметі;
    • Заңдық мәселелер бойынша кеңестер;
    • Бухгалтерлік және салықтық есептер бойынша кеңестер;
    • Екінші деңгейлі банктердің бағдарламалары бойынша кеңестер;
    • Бизнес жоспарды құру мен әзірлеу.
  • 2
    Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік ісін жүргізуге сервистік қолдау беру:
    • Бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізуге байланысты, сонымен қатар статистикалық есеп-қисап құрудағы қызметтер;
    • Кедендік рәсімдер бойынша қызметтер;
    • Менеджмент жүйесін енгізудің барлық үдерісіне толық ілеспе қызмет көрсету мен кеңес беру;
    • Заңдық қызмет көрсету;
    • Маркетинг мәселелері бойынша қызметтер;
    • Ақпараттық технологиялық қызмет көрсету саласына кеңес беру;
    • Мемлекетітк сатып алулар, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларына байланысты қызметтер;
    • Менеджмент мәселелері бойынша қызметтер;
  • 3
    Оқыту мен біліктілікті көтеру (міндетті сертификаттаумен):
    • «Іскерлік байланыстар» құралына, «Шағын және орта кәсіпкерлік топ-менеджментін оқыту» Компоненті мен «Аға Сеньорлар» Компонентіне қатысу үшін өтінімдер жинау;
    • Бейінді бағыттар бойынша тренингтар мен семинарларда оқыту;
    • «Даму-Көмек» Бағдарламасына қатысу үшін өтінім жинау;
    • «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың Бірыңғай бағдарламасы аясында басқа да бағдарламаларға қатысу үшін өтінім жинау.
  • 4
    Серіктес ұйымдардың кеңес берулері:
    • Екінші деңгейлі банктер: несиелік ресурстарды тарту бойынша кеңестер;
    • Қаржылық институттар: мемлекеттік қолдау құралдары мен бағдарламалары бойынша кеңестер;
    • Халыққа қызмет көрсету орталығы: EGOV.KZ порталымен анықтамалар мен құжаттар беру;
    • Жеке сектор компаниялары: бизнесті жүргізудегі түйткілді мәселелер бойынша кеңес беру, рұқсат етілген құжаттарды рәсімдеуге көмек беру.

Кәсіпкерлерлерге қызмет көрсету орталықтары (КҚКО)

Қазақстанның барлық облыс орталықтары мен Астана, Алматы, Семей және Түркістан қалаларындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының мекен-жайлары мен байланыс телефондары

Қала Мекен-жайы Байланыс телефондары
Алматы қ. Гоголь көш., 111 8 (727) 244-55-66, 244-55-77
Астана қ. Қажымұқан көш., 8А 8 (7172) 55-94-34, 55-91-99
Ақтау қ. 16 ы-а, «Қайсар» Бизнес-орталығы 8 (7292) 70-10-51, 70-10-52, 70-10-53, 70-10-54, 70-10-55
Ақтөбе қ. Әбілхайыр хан даңғ., 51/1 8 (7132) 55-24-35, 55-24-36
Атырау қ. Азаттық даңғ., 17 8 (7122) 55-81-01
Қарағанды қ. Строителей даңғ., 4 8 (7212) 55-90-22 (ішкі 3571)
Көкшетау қ. Ақан Сері көш., 46А/1 8 (7162) 55-11-16, 55-11-18, 55-11-19, 55-11-21
Қостанай қ. Әл-Фараби даңғ., 65 8 (7142) 53-23-98, 99-03-00, 99-03-05
Қызылорда қ. Иван Журба көш., 12 8 (7242) 55-11-12, 55-11-13 (17 дейін)
Павлодар қ. Короленко көш., 109 8 (7182) 70-38-10, 70-38-09
Петропавл қ. Жабаев көш., 191 8 (7152) 36-60-14, 46-79-86, 46-06-54, 46-07-73, 46-45-48
Семей қ. Абай алаңы, 5 8 (7222) 60-00-50, 52-01-59,60-00-57;
Талдықорған қ. Төлебаев көш., 86 8 (7282) 30-84-37, 30-84-38, 30-84-39
Тараз қ. Желтоқсан көш., 94 8 (7262) 99-94-70, 99-94-75, 99-94-76
Түркістан қ. Қожанов көш., 7 8 (72533) 59-982, 59-983, 59-984, 59-985, 59-986, 59-987, 59-988, 59-989, 59-990
Орал қ. Т. Масин көш., 67/2 8 (7112) 55-48-06
Өскемен қ. Победа даңғ., 6 8 (7232) 56-05-93, 56-05-91, 56-05-90;
Шымкент қ. Ахмет Байтұрсынұлы көш., 88Б 8 (7252) 28-32-90, 29-48-11

Қазақстанның барлық облыс орталықтары мен Астана, Алматы, Семей және Түркістан қалаларындағы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қорының Аймақтық филиалдарындағы КҚКО кеңесшілері ақпараттық-консультативтік қызметтер көрсетеді.

Қазақстанның барлық моноқалалары, шағын қалалары мен аудан орталықтарында кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар адамдар үшін Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары (КҚО) ашылған.

Кәсіпкерлікті қолдаудың мобильді орталықтары (КҚМО)

КҚМО барлығына бірдей қызмет көрсетеді.

Кәсіпкерлікті қолдаудың мобильді орталықтары (КҚМО) – бұл шалғай аудандардағы кәсіпкерлерге ақпараттық және консультациялық қолдау көрсетуді қамтитын, ауылдық жерлерге жолға шығатын, арнайы жабдықталған автобустар.
КҚМО жолға шығу кестесін «Даму» Қорының аймақтық филиалына телефон шалып, www.damu.kz, сайтына, сонымен қатар облыс және аудан әкімдіктерінен білуге болады.

КҚМО жүгініп, Сіз тегін қызметтер аласыз:

  • Бизнесті ашу, жабу және жүргізу мәселелері бойынша кеңестер;
  • «Даму» Қорының бағдарламалары мен құралдары бойынша, сонымен қатар кәсіпкерлікті қолдаудың өзге де мемлекетітк бағдарламалары жайлы кеңестер;
  • Субсидиялар, кепілдіктер мен мемлекеттік қолдаудың басқа да құралдарын алу рәсімдері мен құжаттарын жинау бойынша қадамдық нұсқаулар;
  • «Іскерлік байланыстар» құралына, «Шағын және орта кәсіпкерлік топ-менеджментін оқыту» Компоненті мен «Аға Сеньорлар» Компонентіне, сонымен қатар «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың Бірыңғай бағдарламасы аясындағы басқа да бағдарламаларға қатысу үшін өтінімдер жинау;
  • Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік істі жүргізуге сервистік қолдау көрсетуге өтінімдер жинау.