Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қолдау бағдарламасы (Ұлттық Қордың I траншы, 100 млрд. теңге)

Жылдығы 6% несиені қалай алуға болады?

Өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды қаржыландыру бағдарламасы бойынша.
Қолданыстағы несиені қайта қаржыландыруға немесе жаңасын алуға өтініммен банктердің біріне жүгінеді.
Банк талап еткен құжаттар пакетін береді. Банк менеджерімен бірігіп несиелендірілетін жобаға сәйкес ЭҚЖЖ кодын анықтайды.
Қалау бойынша: несие беру жайлы банктің оң шешімін алған соң, несиелеу комитетінен шешімнің көшірмесін несие сомасынан 20% мөлшерде кепілдік алу үшін «Даму» Қорына беруге өтінеді.
20%

Өңдеу өнеркәсібіндегі ШОК қаржыландырудың жалпы шарттары

Нысаналы мақсаты

Кәсіпкерлерді қолдаудың қаржылық бағдарламаларына қатыспайтын («Бизнестің жол картасы-2020» Бағдарламасы, «Даму Өңдіріс» бағдарламасы, Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің сауықтыру Бағдарламалары, және «КазАгро» ҰБХ» АҚ), қолданыстағы қарыздарды қайта қаржыландыру;

негізгі құралды құруға, жаңалауға және жаңасын сатып алуға, сонымен бірге 10 бөлімнің (азық-түлік өндірісі) 11.06 сыныбы және 11 бөлімнің (сусындар өндірісі) 11.07 сыныбының С секциясына (өңдеу өнеркәсібі) сәйкес экономика салаларында іске асырылатын Соңғы қарыз алушының жобаларын қаржыландыруға басымдық беру.

Атаулы сыйақы мөлшерлемесі

жылдығы 6,0 % аспайды

Қарыз сомасы

1 850 000 000 тг дейін

Қарыз валютасы

теңге

Қарыз мерзімі

120 айға дейін

Негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдік кезеңі

18 айға дейін

Қаржыландыру саласы

Төменде келтірілген өңдеу өнеркәсібінің басым салалары

Айрықша шарттар

Бағдарлама бойынша ШОК субъектілерін қаржыландыруға рұқсат етілмейді:

  • Акцизделетін тауарлар шығаруды көздейтін, іске асырушы жобалар;

  • құрылтайшылары - ұлттық басқарушы холдингтері (ҰБХ), холдингтер (ҰХ), компаниялар (ҰК) болатын;

  • құрылтайшылары - ұйымдар болатын, елу және одан көбірек пайыз акциясы (жарғылық капиталға қатысу үлесі) тікелей немесе жанама мемлекетке, ҰБХ, ҰХ, ҰК тиесілі

  • құрылтайшылары - меншік нысаны жеке мекеме ретінде рәсімделген заңды тұлғалар болатын.

Бағдарламаға қатысушылар

  • «Қазкоммерцбанк» АҚ

    (20 млрд. теңге)
  • «Банк Центр Кредит» АҚ

    (8 млрд. теңге)
  • «Қазақстан Халық Банкі» АҚ

    (20 млрд. теңге)
  • «ForteBank» АҚ

    (7 млрд. теңге)
  • «AsiaCredit Bank» АҚ

    (2 млрд. теңге)
  • «Delta Bank» АҚ

    (1 млрд. теңге)
  • «Ресей Жинақбанкі» АҚ ЕБ

    (6 млрд. теңге)
  • «Еуразиялық Банк» АҚ

    (3 млрд. теңге)
  • «Bank RBK» АҚ

    (2 млрд. теңге)
  • «АТФ Банк» АҚ

    (7 млрд. теңге)
  • «Цеснабанк» АҚ

    (20 млрд. теңге)
  • «Нұрбанк» АҚ

    (2 млрд. теңге)
  • «Қазинвестбанк» АҚ

    (2 млрд. теңге)

Ұлттық Қор қаражаты есебінен қаржыландырылатын
Өңдеу өнеркәсібінің салалары

Өңдеу өнеркәсібі салаларының тізбесі (ЭҚЖЖ – С секциясы) және соңғы қарыз алушылардың жобаларын қаржыландыру үшін ЭҚЖЖ кодтары

Атауы

ЭҚЖЖ коды

Өңдеу өнеркәсібі 10-33.
Азық-түлік өндірісі 10
Сусындар өндірісі 11
Тоқыма өнімдерінің өндірісі 13
Киім өндірісі 14
Былғары және оған жататын өнімдер өндірісі 15
Жиһаздан басқа ағаш және тоз бұйымдарының өндірісі; сабаннан жасалатын бұйымдар және өруге арналған материалдар өндірісі 16
Қағаз және қағаз өнімдері өндірісі 17
Жазылған материалдарды қалпына келтіру және басу 18
Кокс және мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі 19
Химиялық өнеркәсіп өнімдерінің өндірісі 20
Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндірісі 21
Резіңке және пластмасса өнімдерінің өндірісі 22
Металл емес өзге минералды өнім өндірісі 23
Металлургия өнеркәсібі 24
Машина мен жабдықтардан бөлек, дайын металл өнімдері өндірісі 25
Компьютерлер, электрондық және оптикалық өнімдер өндірісі 26
Электр жабдықтары өндірісі 27
Өзге категорияға кіргізілмеген машиналар мен жабдықтар өндірісі 28
Автокөлік құралдары, трейлер мен жартылай тіркемелер өндірісі 29
Өзге көлік құралдары өндірісі 30
Жиһаз өндірісі 31
Өзге дайын бұйымдар өндірісі 32
Машина мен жабдықтарды жөндеу және орнату 33

Бағдарламада несие беру мен ұйымдастыруда банктердің комиссия ұстауларына тыйым салынған.
Несиелендірудің өзге шарттарын қатысушы банктер өздері белгілейді.

Бағдарлама таныстырылымы


* «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі» нені білдіреді?

Сіз — шағын кәсіпкерлік субъектісісіз, егер сізде:

  • Кірістің жылдық орташа құны – 60 000 АЕК
  • Қызметкерлердің жылдық орташа саны – 50 адамға дейін

Сіз — орта кәсіпкерлік субъектісісіз, егер сізде:

  • Кірістің жылдық орташа құны – 3 000 000 АЕК
  • Қызметкерлердің жылдық орташа саны – 250 адамға дейін