Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Өңдеу өнеркәсібі және өңдеу өнеркәсібіне қызмет көрсетуге жататын қызмет саласындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін (жобаларын) қолдау бағдарламасы (Ұлттық Қордың II траншы, 50 млрд. теңге)

Жылдығы 6% несиені қалай алуға болады?

Өңдеуші өнеркәсіпке қызмет көрсетуге жататын қызмет саласы мен өңдеуші өнеркәсіп саласындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бағдарламасы.
Қолданыстағы несиені қайта қаржыландыруға немесе жаңасын алуға өтініммен банктердің біріне жүгінеді.
Банк талап еткен құжаттар пакетін береді. Банк менеджерімен бірігіп несиелендірілетін жобаға сәйкес ЭҚЖЖ кодын анықтайды.
Қалау бойынша: несие беру жайлы банктің оң шешімін алған соң, несиелеу комитетінен шешімнің көшірмесін несие сомасынан 20% мөлшерде кепілдік алу үшін «Даму» Қорына беруге өтінеді.
20%

Өңдеу өнеркәсібі мен қызмет саласындағы ШОК қаржыландырудың жалпы шарттары

Нысаналы мақсаты

негізгі құралды құруға, жаңалауға және жаңасын сатып алуға (өңдеуші өнеркәсіп пен қызмет саласындағы);

айналым қаражатын толықтыруға (тамақ және өңдеуші өнеркәсіпте).

Атаулы сыйақы мөлшерлемесі

жылдығы 6% аспайды





Қарыз сомасы

1 850 000 000 тг дейін

Қарыз валютасы

теңге

Несие желісі бойынша қол жетімділік кезеңі

12 айға дейін

Қарыз мерзімі

Негізгі қордың жаңасын алуға, құруға және жаңалауға – 120 айдан көп емес;
айналым қаражатын толықтыруға – 60 айдан көп емес.

Қаржыландыру саласы

Төменде келтірілген тізімге сай, өңдеу өнеркәсібі мен қызмет саласына жататын басым салалар

Айрықша шарттар

Бағдарлама бойынша қарыз беруге тыйым салынады:

  • заңды тұлғалардың жарғы капиталына қатысу мақсатына;

  • бұрынғы шығынды қайтаруға;

  • үлестес/байланыстағының активтерін, негізгі қорын сатып алуға;

  • акцизделетін тауарлар шығаруды көздейтін жобалар.



ШОК субъектілерін қаржыландыруға рұқсат етілмейді:

  • құрылтайшылары (соның ішінде қатысушылары, акционерлері) - ұлттық басқарушы холдингтері (ҰБХ), холдингтер (ҰХ), компаниялар (ҰК) болатын;

  • құрылтайшылары - ұйымдар болатын, елу және одан көбірек пайыз акциясы (жарғылық капиталға қатысу үлесі) тікелей немесе жанама мемлекетке, ҰБХ, ҰХ, ҰК тиесілі;

  • коммерциялық емес ұйымдар.

Бағдарламаға қатысушылар

  • «Қазкоммерцбанк» АҚ

    (6 млрд. теңге)
  • «Банк Центр Кредит» АҚ

    (3 млрд. теңге)
  • «Қазақстан Халық Банкі» АҚ

    (6 млрд. теңге)
  • «ForteBank» АҚ

    (3 млрд. теңге)
  • «AsiaCredit Bank» АҚ

    (4 млрд. теңге)
  • «Delta Bank» АҚ

    (3 млрд. теңге)
  • «Ресей Жинақбанкі» АҚ ЕБ

    (4 млрд. теңге)
  • «Еуразиялық Банк» АҚ

    (2 млрд. теңге)
  • «Bank RBK» АҚ

    (4 млрд. теңге)
  • «АТФ Банк» АҚ

    (3 млрд. теңге)
  • «Цеснабанк» АҚ

    (4 млрд. теңге)
  • «Нұрбанк» АҚ

    (4 млрд. теңге)
  • «Қазинвестбанк» АҚ

    (4 млрд. теңге)

Ұлттық Қор қаражаты есебінен қаржыландырылатын
Өңдеу өнеркәсібінің салалары

Өңдеу өнеркәсібі салаларының тізбесі (ЭҚЖЖ – С секциясы) және соңғы қарыз алушылардың жобаларын қаржыландыру үшін ЭҚЖЖ кодтары

Атауы

ЭҚЖЖ коды

Өңдеу өнеркәсібі 10-33.
Азық-түлік өндірісі 10
Сусындар өндірісі 11
Тоқыма өнімдерінің өндірісі 13
Киім өндірісі 14
Былғары және оған жататын өнімдер өндірісі 15
Жиһаздан басқа ағаш және тоз бұйымдарының өндірісі; сабаннан жасалатын бұйымдар және өруге арналған материалдар өндірісі 16
Қағаз және қағаз өнімдері өндірісі 17
Жазылған материалдарды қалпына келтіру және басу 18
Кокс және мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі 19
Химиялық өнеркәсіп өнімдерінің өндірісі 20
Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндірісі 21
Резіңке және пластмасса өнімдерінің өндірісі 22
Металл емес өзге минералды өнім өндірісі 23
Металлургия өнеркәсібі 24
Машина мен жабдықтардан бөлек, дайын металл өнімдері өндірісі 25
Компьютерлер, электрондық және оптикалық өнімдер өндірісі 26
Электр жабдықтары өндірісі 27
Өзге категорияға кіргізілмеген машиналар мен жабдықтар өндірісі 28
Автокөлік құралдары, трейлер мен жартылай тіркемелер өндірісі 29
Өзге көлік құралдары өндірісі 30
Жиһаз өндірісі 31
Өзге дайын бұйымдар өндірісі 32
Машина мен жабдықтарды жөндеу және орнату 33


Өңдеуші өнеркәсіпке қызмет көрсетуге жататын
қызмет салаларының тізімі

Соңғы қарыз алушыларды қаржыландыру үшін өңдеуші өнеркәсіпке қызмет көрсетуге жататын қызмет салаларының тізімі

Секция Атауы ЭҚЖЖ коды
H Көлік және қоймаға жинау 49-53.
Темір жол жүк көлігі 49.20
Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау 49.41
Құбыр желісі бойынша тасу 49.50
Теңіздегі және жағадағы жүк көлігі 50.20
Өзен жүк көлігі 50.40
Жүк сақтау және қоймаға жинау 52.10
Құрлықтағы көлік саласының қызметтері 52.21
Судағы көлік саласының қызметтері 52.22
Әуе көлігі саласының қызметтері 52.23
Жүктерді көліктік өңдеу 52.24
Тасымалдау кезіндегі басқа да ілеспе қызметтер 52.29
J Ақпарат және байланыс 58-63.
Сымды телекоммуникация байланысы 61.10
Сымсыз телекоммуникация байланысы 61 .20
Спутниктік телекоммуникация саласындағы қызмет 61.30
Телекоммуникация қызметінің басқа да түрлері 61.90
Компьютерлік бағдарламалау саласындағы қызмет 62.01
Компьютерлік технология саласындағы кеңес беру қызметі 62.02
Компьютерлік жабдықтарды басқару бойынша қызмет 62.03
Компьютерлік жүйе мен ақпараттық технология саласындағы басқа да қызмет түрлері 62.09
М Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 69-75
Техникалық сынау және сараптау 71.20
Мамандандырылған дизайн жасау бойынша жұмыстар 74.10
Ветеринарлық қызмет 75.00

Ескерту: ішкі сала тізбесі техникалық реттеу және метрология бойынша уәкілетті орган мақұлдаған экономика түрлерінің жалпы сыныптауышына сәйкес.


Бағдарламада несие беру мен ұйымдастыруда банктердің комиссия ұстауларына тыйым салынған.
Несиелендірудің өзге шарттарын қатысушы банктер өздері белгілейді.

Бағдарлама таныстырылымы


* «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі» нені білдіреді?

Сіз — шағын кәсіпкерлік субъектісісіз, егер сізде:

  • Кірістің жылдық орташа құны – 60 000 АЕК
  • Қызметкерлердің жылдық орташа саны – 50 адамға дейін

Сіз — орта кәсіпкерлік субъектісісіз, егер сізде:

  • Кірістің жылдық орташа құны – 3 000 000 АЕК
  • Қызметкерлердің жылдық орташа саны – 250 адамға дейін