info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

г. Астана. METROPOLITAN BUSINESS SCHOOL.

Табыстың тарихы
10.08.2018

 

Бүгін біздің сауалымызға BI-GROUP Корпоратив Университеті, Халықаралық Бизнес Академиясының негізін қалаушы және директоры, METROPOLITAN BUSINESS SCHOOL қожайыны Ахметова Айнагүл Куанышбайқызы жауап береді.

 

Компанияңыз жайлы қысқаша мәлімет бере кетіңізші, Кәсіпкерлікке қалай келдіңіз?

METROPOLITAN BUSINESS SCHOOL – жаңа деңгейдегі бизнес-мектеп. Оның миссиясы - адамның кәсіпкерлік және басқарушылық әлеуетін бірегей білім беру бағдарламалары арқылы дамыту.

Мен 2003 жылдан бастап білім беру стартаптарына мамандандым. Құрылтайшы болған жоқпын. Бірақ іске сол істің иесі секілді білек сыбана кірісетінмін. Менің ойымша Астанадағы ХБА мен Корпоратив университеттің жемісті дамуына осы қасиетім сеп болды деп ойлаймын.

2014 мен жалдамалы жұмысымнан шығып, өз бизнес-мектебімді ашуға бекідім.

Мен халыққа сапалы білім беретін мектеп ұсына алатынымды түсіндім. Заманауи бағдарламасы бар мектептің қандай болуы керек екені жөнінде түсінігім мол еді.

     MBSphoto2.jpg

Ол идеяны қалай жүзеге асырдыңыз?

Бір шекке келіп тоқтап қалу дұрыс емес. Кәсіпкерлік – осындай шексіз мүмкіндіктер мен талаптың мекені. Ол үнемі дамып, өсіп отыруы керек. Бүгінгі жаңалық ертең ескіріп қалатын қазіргі жанталас өмірде екі есе жылдамдығыңды арттыруға тура келеді.

Биыл бізге 4 жыл толды. Тек осы кезде ғана мен қалаған мақсатыма жақындағанымды түсінемін. Дегенмен қайталап айтамын, кәсіпкерлік – жаңа биіктерді бағындырып, жаңа мүмкіндіктер ашылып, үнемі даму үстінде болатын жол.

    MBSphoto.jpg

Бизнес ашарда қандай қиындықтарға кез болдыңыз? Қалай шештіңіз?

Біздің бизнестегі ең үлкен проблема – кеңсе жалдау. Себебі біздің оқу процесіміз кең ғимарат пен жоғары деңгейдегі бөлме болуын талап етеді. Біздің ХБМ клиенттері – ірі компаниялардың иелері мен басшылары. Олар білімнің де, білім алатын жердің де жоғары деңгейде болғанын қалайды.

Екі жыл ішінде мен ғимарат жалдап келдім. Бұ өте үлкен сома еді. Сондықтан да 2017 жылы «Даму» Қорына келдім. Қор қызметкерлері маған «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын арқылы несие пайызымды арзандатуыма көмектесті. Осы жобаға ғимарат сатып алмақ болып "ЦентрКредитБанк" арқылы алған несиеме Қор кепілдік те берді. Несие "Даму-АБР" бағдарламасы аясында алынды. Ғимарат алу менің кәсіпкерлік қызметіме үлкен ынта берді. Себебі бұл болашаққа ұзақ мерзімді стратегиялық жоспар құруға мүмкіндік береді.

Сондықтан да мен «Даму»  Қорына бизнесіме дер кезінде қолдау жасағаны үшін алғысым шексіз.

фото Ахметовой.jpg

Бизнесте кездесетін тағы қандай кедергілер бар?

Қазір білім беру нарығында түсінікті болып көрінгенмен, адамдарды шатастыратын тұстар көп. Нарықта тренинг, семинарлар көп болғаны соншалықты, тұтынушыларда сенімсіздік туындап, алатын білімнің керекті және жария болуын талап ету жағдайлары көбейді.

Сондықтан қазір бизнес-білімді нақты жұмыс істеп тұрған өнім арқылы ғана алуға болады. Олай етпеген жағдайда нарықта ұзақ тұрақтап қалу мүмкін емес нағыз бәсеке кезеңі басталды!

Өз қызметіңізді қалай насихаттайсыз? Тәжірибеңізбен бөлісіңізші.

Әу бастан маған нарықта сенім күшті болды. Алғашқы қадамдарымыз да осы мектеп жанынан басталды. Әрі қарай әлеуметтік желілер арқылы насихат басталды Қазір басқа бағыттарды да қарастырып жатырмыз. Мұның барлығы тұрақты клиенттерді ұстап қалуға бағытталған!

Компания штаты қандай қызметкерлерден тұрады?

Бұл мен үшін ең маңызды мәселе! Оқытушылар – штаттағы қызметкерлер емес. Сондықтан біз спикерлерді түрлі елдер мен құрлықтардан шақырамыз. Ал кеңседегі жандар қатары өзгеріп тұрады. Себебі мен команда жасақтау үстіндемін. Кедергі деп тәжірибенің аздығы, бәсекеге төтеп бере алмау, нарықтық жағдайда нәтижеге жұмыс істей алмау және клиенттерге қызмет көрсете алмауды атар едім.

MBSphoto1.jpg

Бизнесіңіздің болашағына деген көзқарасыңыз қандай?

Білім беру саласындағы нарық даму үстінде болатыны айқын. Егер АҚШ азаматтарының айына білім алуға жұмсайтын шығыны шамамен адам басына 150 доллар болса, бізде ондай статистика жоқ. Бірақ тренд бәріне түсінікті. Қазір бізге тек жерлігілікті бәсекелестерімізбен ғана емес халықаралық on-line білім беру нарығында да бәсекеге қабілетті бола алатындай білім жинауымыз керек.

Бизнесіңізге бәсекелестер туралы не айтар едіңіз?

Бәсеке жоғары, ол өсе береді де. Сондықтан да біз үнемі дамып, өсуді мақсат етеміз.

Іс бастаған кезіңізбен салыстырғанда кәсіпкер болып қалыптасқан кезіңізде қалай өзгердіңіз?

Кәсіпкерлік – үлкен ұстаз. Егер өзіңізді жетілдіру жолына түссеңіз бұл рас. Бұл жол бизнестегі ең тиімді жолдардың бірі және бірегейі!

Мен осы 4 жыл ішінде өзімді жаңа қырларымнан дамыта алғаным рас. Сыни пайым, коммуникация, қиындыққа төзу, кез-келген кедергіге қарсы тұра білу, позитивті болу, сенім мен мақсат қойып, соған жеткенше тынбау, сабыр мен төзім, қайсарлық, жаңашылдық – мұның барлығы кәсіпкерліктің арқасында келетін қасиеттер.

MBSphoto4.jpg

Кәсіпкерлік тәжірибеңіздегі ең құнды сабақ қандай?

Мен өз дегенімді жасап, пікірімнен қайтпауды ұзақ үйрендім. Өз аумағым мен құқығымды қорғауды да. Ең үлкен сабақ – өз көзқарасым үшін күресуді үйренгенім!

 

Табысты кәсіпкер болу үшін неге назар аудару керек?

Клиентпен қарым-қатынасты түзу жолға қойып, сол клиент үшін өзіңе толық жауапкершілік алуды үйрену керек.

Бизнес идеяны қалай тауып, істі неден бастау керек екенін айтыңызшы?

Біз кез келген салада бизнес ашсаң да бизнесіңді дамыта алатыныңыа сенімді болатын елде тұрамыз. Бірақ бизнес ашу аз, оны үнемі дамытып, ілгерілетіп отыру керек. Дүние бір орында тұрмайды: күні кеше сізге керемет табыс әкелген әдіс ертең ескіріп қалады.

Егер бизнес ашқыңыз келсе немесе бизнесіңізді кеңейткіңіз келсе –Даму Қорына барыңыз. Олар қаржылай көмектесіп, кепілдік береді. Бұл әр азамат үшін үлкен мүмкіндік.