info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Западно-Казахстанская область. ТОО «KazStepService». Производство бытовой химии

Табыстың тарихы
11.09.2018

Оралда шет елдік тауарларға бәскелес бола алатын өндіріс орнындары көбейіп келеді. Өткен жылы «KazStepService» компаниясы тұрмыстық химия өндірісін жолға қойды. Атап айтқанда сұйық сабын, жуғыш құралдар, «Step» атты косметика құралдары.

Оралдық кәсіпкер Шолпан Утербаеваны көпшілік өңірде бөтелкедегі ауыз су шығарушы кәсіпкер ретінде біледі. Көп жылдық тәжірибесі мен мемлекеттің қолдауы арқасында ол былтыр жаңа бизнес-жобаны қолға алды. Енді оның компаниясы Орал өңіріндегі химия өнімдерін шығаратын жалғыз кәсіпорын болып саналады.

Қызметіңізді қалай бастадыңыз?

Бастапқы кезде біз кәсіпорын жұмысын жолға қойғанмен, жеткізіп беру ісінде көп кедергі болды. Сол кезде біз «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорына жүгіндік. Қор мамандарвы жеңілдікті несие рәсімдеуге көмек көрсетті. Ол несиеге біз «Газель» автокөлігін сатып алдық. Қазір бізде қала бойынша және Ақтөбе мен Атырау қалаларында жеткізу қызметіміз бар. Сонымен қатар «Даму» Қорының қолдауымен айналым қаражатын толықтыруға несие желісін аштық. Мемлекеттік бағдарламаның арқасында өндіріс көлемін кеңейттік.

step.jpg

 

Кәсіпкердің айтуынша өнімге деген сұраныс артып келеді. Компания ірі супермаркеттер желісімен жұмыс істейді. 

Сіздің өнімнің артықшылығы неде деп ойлайсыз?

«KazStepService» пен отандық өндірушілердің арасындағы айырмашылық – бізде өнім ыдысын шығаратын заманауи құрал бар. Бұдан былай қорап тамақ өнімдері мен тұрмыстық химияға арналып, бөлек жасалады. Кәсіпорын айына 100 тонна өнім бере алады.

step 2.jpg

 

Ал шикізат жағы қалай болып жатыр? Шет елден алдырасыздар ма әлде отандық өндірушілер бар ма?

Химиялық шикізат шет елден алынады. Ал сабынның негізгі құрамы мен қораптарына арналған шикізат Қазақстанда шығарылады. Барлық өніміміз сапа және қауіпсіздік стандарттарына сай, дизайны, сапасы, ыңғайлылығы жағынан шет елдік аналогтардан еш қалыспайды. Өнім алуандағы түрленіп, саны артып келеді. Қазір 12 түрін шығарамыз. Компания тіркеуден өтіп, «Самрұқ Қазына» қорының отандық тауар өндірушілер реестріне кірген. Сонымен қатар, қордың тендерлеріне қатысып, мемлекеттік сатып алулар мен жер асты байлығын игерушілер тендеріне де қатысып тұрамыз.

13 (1).png

 

Қанша адам жұмыс істейді?

Жаңа өндіріс 4 адамнан басталды. Қазір 8 адам жұмыс істейді. Бұл – отбасылық бизнес. Сондықтан да өндіріс құпиясын сақтауға мүмкіндік бар. 

Өнімдеріңізді қайдан тапсақ болады?

«KazStepService» сайты бар және Instagram желісінде парақшамыз да бар.

Кәсіпорын өткен жылы «Қазақстанның үздік тауары 2017» атты өңірлік көрмеде үшінші орын алды. Биыл да бұл көрмеге қатысуды ойлап отырмыз.