info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Мангистауская область. ТОО «Керуен», ТОО «МегаСтройСервис»

Табыстың тарихы
13.09.2018

Бүгін біз «Керуен» және «МегаСтройСервис» ЖШС компаниялар тобының басшысы Шагирова Балшекер Мұхамедқызымен сұхбаттасамыз.

Өз бизнесіңіз жайында қысқаша айта кетіңізші.
Бүгінгі күні мен «Керуен» и «Адриатик» таңбасымен ауыз су шығаратын «Керуен» ЖШС мен ПВХ (металлпластик есік, терезе) өндірісіне бағытталған «МегаСтройСервис» компаниясын басқарамын. Соңғы компания қазір «Мирас» тұрғын үй кешенінің құрылыс аяқтап қалды. Сонымен қатар ескерткіш, мүсіндер шығаратын «АктауСтройгрупп» компаниясына да басшылық етемін. Қазір бұл компания қала саябағы құрылысын аяқтап қалды.
Компаниялар тобының бизнесі жан-жақты. Бір айта кетерлігі, біздің жобалар мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен жүзеге асып келеді. (Даму-Өндіріс, «БЖК 2020», «Нұрлы жер»). «Даму» Қорының кепілдіктерін алдық.

IMG_7870.JPG  

Дәл осы бизнесті ашу жайындағы ойға қалай келдіңіз? Идея қалай туындады? Ерекшелігі неде?
Менің өзім үшін жұмыс істегім келген ойым коммуникациялық жұмыстар атқаратын (канализация, су құбыры т.б) компанияға иелік етуге алып келді. Қазір біз тұрғын үй кешендерін салып жатырмыз. Мысалы «Мирас» ТК және өндірістік тұрғын-жайлар, бизнес орталықтарын салып жатырмыз. «Керуен» ауыз суына келсек, бұл өнім бүкіл Маңғыстау облысы халқы үшін маңызды. Халық сұранысына сай өнімді шығару идеясы оңай болғанмен, жүзеге асыру оңай болмады. Бұл тазалау технологиясына, су сапасын арттыру жағына да қатысты. Өндірістің технологиясы жағынан біз Ресей команиясымен әріптеспіз.

Идеяны жүзеге асыру жолыңдағы тәжірибеңізбен бөлісіңізші?
Барлығы да идеядан басталады. Одан кейін салмақты шешім керек. Ол дегеніңіз – нақты бизнес жоспар мен қаржылық талдау. Бұл талдау - салымыңыз қанша, шығыныңыз қанша болатынын көрсетіп тұру керек. Салым демекші, «Даму» қоры бізге бөтелкедегі ауыз су өндірісіне арнап бизнес жоспар жасауға көмектескен соң, барлық банктерге бара бастадық. Олардың ешқайсы бізге сенім білдірмеді. Тек Ақтаудағы «Сбербанк» филиалы ғана өтінімізді мақұлдады. Банк біздің жобамызды қаржыландырып, соның арқасында жоғары сапалы құрал-жабдық алдық. Жұмысқа технологтар мен ресейлік мамандарды тарттық. Өндіріс пен өнім өткізуді жолға қойдық. Бір айдан соң су шығара бастадық.
IMG_7877.JPG

Идеядан іске асқанға дейін қанша уақыт кетті?


«Даму» Қорына келгеннен бастап, ісіміз жүргенге дейінгі аралықта үш айдай уақыт өтті.

Екінші деңгейлі банктермен қарым-қатынасыңыз туралы айтып беріңізші.

Бұған дейін айтқанымдай, Сбербанк бірден өтінімімді мақұлдады. Ең алдымен өндірісіміздің бұл өңір үшін маңызды екеніне мән берді. Ауыз сумен қатар, «Керуен» ЖШС пластик бұйымдар шығару жобасын да жүзеге асырып жаттық. Бұл жобаны «Forte Bank» Өңдеу өнеркәсібі саласындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бағдарламасы аясында қаржыландырды. Инвестициялық мақсатта, 48 айға, жылына 6%-бен несие алдық. Бұл – өндіріс саласындағы компаниялар үшін өте ыңғайлы. Мемлекеттің қолдауының арқасында метал пластик бұйымдар шығаруға арналған арнайы 5 құрал-жабдық сатып алдық. Кепілзат жетіспегендіктен Даму Қорының кепілдігін пайдаландық. «МегаСтройСервис» компаниясы да «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында несие пайызының бір бөлігін субсидиялап отыр. Әріптес банк – «Нұрбанк» АҚ.

IMG_7855.JPG

Жобаны жүзеге асыруға қанша қаржы кетті? 
Жалпы алғанша, су шығару өндірісін іске қосуға 100 млн теңге кетті. 85 млн теңгені біз 7 жылға, 14%-бен несиеге алдық. Ол несиенің 10%-ын «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидияладық. Осылайша, біздің компания несиені бар жоғы 4%-бен ғана өтейді. Сонымен қатар, «Даму» Қоры кепілдік ұсынды. 

Бизнесіңіздің болашағын қалай елестетесіз? 
Су шығару ісінің болашағы бар. Ең бастысы – бизнесті дұрыс жүргізіп, сатуда жаңа технологияларды пайдаланып отыру керек.


4.PNG

Бизнесіңізге бәсеке туралы не айтасыз?
Бәсекелестік болған, бола береді де. Әдетте бәсеке өнім сапасын арттыруға серпін береді. Біздің салада бәсеке жоғары. Әрі сырттан келетін бәсекелестеріміз де жеткілікті. Бұл жерде арзан баға қоюға келіп тіреледі. Оның аяғы – біздің табысымызды азайтады.

Қазақстандық кәсіпкерлердің жолындағы ең үлкен кедергі не?
Қазақстанда бизнесте қиындық кездесетіні рас. Әр түрлі салаларда бар. Мысалы тұтыну жағын алатын болсақ – халық жерлігікті өнімге мән бергені дұрыс. Себебі шеттен келетін өнімнен кем жері жоқ. Сосын кадр тапшылығы да бар. Біздің өңірде осы өндіріске қажетті мамандар аз, маркетинг мәселесімен айналысатын жандар да жетіспейді.


Бизнес иесіне қажет үш қағиданы атаңызшы.
1) Басқара білу, міндет арта білу;
2) Не қалайтынын нақты білу;
3) Өзін-өзі жетілдіріп отыру.