info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Мангистауская область, г. Актау, Кофейня, ТОО "Бисквит Актау"

Табыстың тарихы
16.01.2018

кафесі ашылды «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын» жүзеге асыру аясында Ақтаулық стартап иесі қолдау алды. «Бисквит Актау» ЖШС жетекшісі Төлеухан Жүнісов бағдарламаның жеңілдікті шарттарын пайдалана отырып, қала орталығынан кофехана ашты. Дәмхана 10 адамды жұмыспен қамтамасыз етті. 2017 жылдың қазан айында кәсіпкер «Даму» қорының Маңғыстау филиалындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына хабарласып кеңес алған болатын. Онда қаржы агенті Анар Еленова жобаны толық қолдауға байланысты банкке құжаттар жинауға және несие алғанша сүйемелдеуге көмектескен еді. 2017 жылдың қараша айында мекеме «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы 5 жылға инвестициялық мақсатта несие алды. Қаржы ас үйге қажетті құрал-жабдықтар сатып алуға, кофехана ғимаратын жөңдеуге жұмсалды. 2018 жылдың қаңтар айында кәсіпкер «Звезда Актау» бизнес-орталығынан «Cofee Stars» кофеханасын ашып, іске қосты. Сонымен қатар кофехана бизнес орталығының барлық қызметкерлері үшін ыстық тамақ әзірлейді. Кәсіпкерлер санының өсуі кедейліктің деңгейін айтарлықтай төмендетеді, халықтың көп бөлігін жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді, халықтың әл-ауқатын жақсартады, еңбек өнімділігін арттырады және жұмыссыздардың санын қысқартады. Естеріңізге сала кетсек, бұл бағдарлама бойынша жылына 6%-бен, салалық шектеусіз және банктің комиссиясыз қаржыландырылады. Біздің damu.mangystau инстаграмына жазылып, басқа да жаңалықтардан хабардар болыңыз.