info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Карагандинская область, г.Караганды, Детский сад «Бота» и «Одарёшка», ИП "Нургожина" и ИП "Смаиловой"

Табыстың тарихы
13.12.2017

Өткен аптада Қарағанды қаласында «Бота» және «Одарёшка» атты екі балабақша ашылды.

"Бота" балабақшасы үшін "Нұрғозина Г.О" ЖК  "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы бойынша жеңілдікпен несие алды. Қаражатқа ғимарат сатып алынып, жөндеу жүргізілді. Қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Енді "Пришахтинск" шағынауданының тұрғындары  Қарағандыдағы Методическая көшесі 13 мекенжайы бойынша орналасқан жайлы балабақшаға балаларын бере алады.

Жобаны "Сбербанк" қаржыландырды. Қор несиенің 7 пайызын субсидиялады. Кәсіпкер қалған сегіз пайызымен ғана қарызын төлейді. 

«Одарёшка» атты тағы бір балабақшаны кәсіпкер Гүлнар Смайылова ашты. Жобаны «Qazaq Banki» қаржыландырды. Қор кепілдік берді. Бұл - кәсіпкердің Қор мен осы банк көмегімен жүзеге асырған үшінші жобасы.