info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Мангыстауская область, Мунайлинский район, Детский сад, ИП "Сугирбекова"

Табыстың тарихы
13.12.2017

Маңғыстау облысының әкімі Тоғжанов Ералы Лұқпанұлының қатысуымен салтанатты түрде ашылған екінші жоба - Мұнайлы ауданының кәсіпкері Сүгірбекова Гүлнардың 75 орынға арналған балабақшасы. 

Гүлнардың айтуынша, ол үнемі «Даму» қорының Кәсіпкерлікті қолдау орталығына келіп, мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес алу үшін өтініш білдіріп, түрлі семинарларға, шеберлік сабақтарына қатысқан болатын. Осыдан Гүлнар балабақша қызметтерін ұсыну үшін жаңа бизнес желісін ашуды шешті.

Осы бизнес-идеяны жүзеге асыру мақсатында кәсіпкер «Банк ЦентрКредит» АҚ-на жүгінді және 5 жыл мерзімге 14% бен 10 млн теңге көлемінде несие алды. «Бизнестің жол картасы-2020»  бағдарламасы аясында кәсіпкер сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялады, атап айтқанда 14% -дан 4%-ын ғана төлейді, ал 10% - мемлекет есебінен қайтарымсыз негізде өтеледі.

Сондай-ақ, «Даму» қорынесие сомасының 50%-на кепілдік берді, бұл 100% несиені қамтамасыз етуге және қажетті сома көлемінде несие алуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының кеңесшілері екінші деңгейлі банкпен қарыз өтінімін қарау үшін құжаттар жинасуға көмектесті және «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасында бизнес-жоспар әзірлеу бойынша қызметтер ұсынған болатын. Жоғарыда көрсетілген қызметтер кәсіпкерлерге тегін беріледі.

Балабақша ғимараты екі қабаттан тұрады: ойын бөлмелері, жатын бөлме, музыкалық-көркем бөлме, асхана және санитарлық бөлік, жаттығу залы. Балабақшаның жер учаскесінде балалар алаңы бар. Балабақшада 18 айдан 6 жасқа дейінгі 50 бала үшін 2 топ құрылады. Болашақта 25 балаға қосымша орындар ашылу болжамда. Осы жобаның шеңберінде тұрақты 10 жаңа жұмыс орындары ашылады.