Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында экономиканың зардап шеккен секторларындағы ШОБ-тің барлық қолданыстағы несиелерінің мөлшерлемесін жылына 6%-ға дейін мемлекет тарапынан субсидиялау тапсырылды. "Даму" Қоры осы бағдарлама бойынша қаржы агенті және экономиканың неғұрлым зардап шеккен салаларындағы кәсіпкерлердің несиесін субсидиялайды.
Бүгінгі күні Қор кәсіпкерлердің банктер ұсынған барлық өтінімдерін қарады, өтінімдер бойынша шешімдер банктерге жолданды. Егер сіздің жобаңыз банктер мақұлдаған өтінімдер тізімінде болса, жаңартылған төлемдер кестесін алу үшін банкке баруыңыз қажет. Төлемдердің электрондық кестесін алғаннан кейін Қор субсидияларды сіздің төлем кестеңіз бойынша дереу төлей бастайды.
2020 жылғы 16 наурыздан бастап 2021 жылғы 15 наурызға (қоса алғанда) дейінгі кезең үшін есептелген сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі субсидиялауға жататынын еске саламыз.