info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Восточно-Казахстанская область. ИП Ремнев М.О. От компьютерной мастерской до фитнесс-клуба!

Табыстың тарихы
06.09.2018

Компьютер жөндеушіден фитнесс-клуб қожайынына айналған кәсіпкер.
Бизнес ашу – оңай шаруа емес
. Ал ауылда кәсіпкер болу – одан екі есе ауыр. Бірақ Максим Ремнев бұл қиындықтардан қорықпай өз ісін тапқан азамат. Қазір тек Қазақстан халық бакінің ғана емес, «Даму» Қорының да тұрақты клиенті.

Бизнеске бет бұруыңызға не себеп болды
?
2011
жыл еді. Жасым 18-де болатын. Мен Семейдегі Шәкәрім атындағы колледжді бітіріп жаттым. Теорияны тәжірибемен ұштастыратын кез келді. Сол кезде ЖК ашуға бел будым. «Бағдарламамен қамтамасыз ету, жүйелер мен желілер» деп аталатын. Сол себепті алдымен компьютер жөндеу орны болды. Бородулиха ауылындағы тұрмыстық қызмет көрсететін үйде бір бөлме жалға алдым. Сол жерде компьютер, телефон жөндеп, бағдарлама қоюмен айналыстым. Яғни қолымнан келген іспен айналыстым. Уақыт өте келе халықта компьютерге қажет ұсақ-түйектер алуға сұраныс бар екенін байқадым. Тінтуір, клавиатура сияқты заттарды алып кеп сата бастадым. Біраздан соң бөлме тарлық қыла бастады. Сол себепті мен көршілес тұрған кеңдеу бөлмеге көштім. Жәй көшіп қана қоймай, батареядан бастап ірі тұрмыстық техникаға дейінгі заттармен толтырдым. Сондай-ақ фотосурет шығару ламинаттау, құжатқа сурет түсіру секілді істермен де айналыса бастадым. 

DSC_6955.JPG

Бұл кезде бәсекелестік жағы қалай еді
?
Дәл сол кезде ауыз толтырып айтатындай бәсеке болған жоқ. «Вэнси» атты бір ғана дүкен болды. Бірақ біз нарықты төмен бағаларымызбен жаулап алдық. Бірақ бұл ұзаққа созылған жоқ. Мен сауда өсімін сараптай келе бағытымды өзгерту керегін түсіндім. Біріншіден экономикалық дағдарыс келді. Тұрмыстық техникаға сұраныс азайып, жұрт техникасы бұзылса жаңасын алуға емес, жөндетуге тырысатын болды. Сондықтан мен бұл бизнесті жауып, жаңа бағытқа көшуге бел будым. Бұл 2014 жыл еді. Осы кезде біз ғимарат сатып алып, «Next» атты ішімдік дүкенін аштық.

Пластик бөтелкелер шығару идеясы басыңызға қалай келді
?
Сыра құйып беретін беретін пластик бөтелкені үнемі сатып ала беретінбіз. Бұл - түсетін табысты кемітіп тұрады. Бірде мен «осы бөтелкені өзіміз неге шығармасқа?» деген ойға келдім. Сол кезде бөтелке жасау құны 25 теңге болса, сатып алатын бөтелке 55 теңге екен. Яғни мен шығындарымның 50 пайызын үнемдей алады екенмін. Әрі ол бөтелкелерді тек пайдалану үшін емес, сатуға да шығарамын ғой? Бірақ ПВХ бөтелке шығаратын құрал-жабдық алуға қаржым жетпеді. Сол кезде мен банкке несие сұрап бардым.
DSC_6957.JPG

Бұл бағытта мемлекеттен көмек алуға болатынын қайдан білдіңіз?
Дәл сол кезде Бородулихада «Бизнес-кеңесші» компоненті бойынша кәсіпкерлерді оқытып жатқан еді. Қызығып, мен де бардым. Оқып, сертификат алып, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына қатыстым

Қазақстан халық банкін таңдауға не себеп болды?

Біріншіден менің осы банкте үнемі есеп-шотым болған. Оның үстіне бұл банк талаптары маған өте ыңғайлы болды. Бастапқыда 14%-бен несие алдым, 7%-ын субсидиялаған соң біраз уақыттан соң бағдарламаға өзгеріс еніп, бизнес ауылда тіркелгендіктен субсидия 10%-ға дейін өсті. Сөйтіп бар-жоғы 4% мөлшерлемемен несие төлейтін болдым. Бұл өте ыңғайлы еді. Бұдан төмен пайызды еш жерден таба алмас едім.



DSC_6959.JPG

Жоспарлаған сомаға кепілдік жетіспейтінін қашан білдіңіз?
Несиені банк қарастырып жатқан кезде. Банк менеджері маған «Даму» Қорының кепілдігін пайдалану туралы ұсыныс жасады. Барлық қарастыру шаралары жылдам жүзеге асты. 2015 жылы маған 60 айға 7 000 000 теңге мақұлданды. Даму Қорының кепілдігі 36 айға 3 184 047 теңгені құрады. Бұл несиенің жалпы сомасының 45%-ы еді. Қазір аталған несие мерзімінен бұрын жабылды.

Салған қаражатыңыз өзін ақтады ма?

Жоба өзі ақтады. Себебі мен өз өндірісімнің арқасында шығынымды жаптым және бөтелкені жергілікті омарташыларға, май жасаушыларға өткізе бастадым. Яғни ауылдық жердегі омарта, май сығу секілді бизнес менің қолайыма келе кетті. Кейіннен мен бөтелкелерді түрлі көлемде шығара бастадым. Қазір менде осы салада тұрақты жолға қойылған бизнесім бар.

Биыл сіз банкке несие алу үшін және соның аясында «Даму» Қорына кепілдік үшін тағы келіпсіз. Бұл жолы мүлдем басқа бизнес. Неге дәл фитнесс-клубты таңдадыңыз?
Біздің Бородулихаға аймақтағы ауылдардың халқы дүйсенбі мен сенбі аралығында жиналады. Аудан орталығы болған соң мұнда халыққа қызмет көрсету орталығы, әкімдік секілді мемлекеттік мекемелер орналасқан. Ал басқа баратын жер жоқ. Бір спорткешен бар. Ол жерде жуынатын бөлме де жоқ. Ал қазір жұрт салауатты өмір салтын ұстануды қалайды, жаттығу залдарына бару сәнге айналған. Көпшілігі бұлшық етін өсіруге, кейбіреуі әлеуметтік желіге сурет салу үшін келеді. Оның үстіне менің Бородулихадағы достарым Семейдегі кәсіби жаттығу залдарына барып жүрді. Себебі аудан орталығында оған теңесетін зал жоқ еді. Бірақ қалаға барып қайтуға екі сағат кетеді. Бұл - ыңғайсыз әрі қалтаға салмақ түседі. Мен нарықтағы бұл бизнесті ешкім жауламағанын түсініп, бірден іске кірістім. Құрылыс үшін жер телімім бар еді. Дүкенімнің жанынан пластик бөтелке шығаратын цех ашқанмын. Оның жанында тағы біраз жер бар болатын. Осы жерде болашақ фитнесс-клуб болады деп шештім.

DSC_6949.JPG

«
Халық банк» сізге өңірлік «Ақ-Ниет» бағдарламасын пайдалану туралы бірден ұсыныс жасады ма?

Иә. Маған ұнағаны – бағдарлама бойынша несие бірден 8,5%-бен беріледі. Субсидиялау үшін қосымша құжат жинаудың қажеті жоқ. Бұл өте ыңғайлы. Мысалы несие сомасы 23 000 000 теңгені құрады. Жобаны «Даму-Блиц» технологиясы аясында қарастырып, уақыт ұттық.

Сіз әу бастан «Даму» Қорына кепілдік үшін тағы келем деп ойладыңыз ба?
Иә, оның үстіне мен бұл процессті басымнан өткергенмін, сондықтан алда не күтіп тұрғанын білдім. Бұл құрал тегін және ыңғайлы. Нәтижесінде 11 500 000 теңге көлеміндегі кепілдікті мен 60 айға алдым да дереу іске кірісіп кеттім. Осы күз жылы болады деп үміттенем. Біз фитнесс-клубты жаңа жылға дейін іске қоссақ деген жоспарымыз бар.