info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Южно-Казахстанская область, г.Кентау, Производство мебели, ИП "Джалишев"

Табыстың тарихы
05.02.2018

Бір күнде бір ас үй жиһазын жасайтын шебер

Кентаулық кәсіпкер Жұбайхан Жалишев тапсырыспен ас үй және жатын бөлме жиһаздарын жасайды. Цехтың айына 15  ас үй, 15 жатын бөлме топтамасын жасап отыруға мүмкіндігі бар.

Дизайн жобасын цех шеберлері тегін жасайды. Егер клиент тапсырысты бірден рәсімдеген жағдайда, бонус ретінде тегін құрап, тұрмыстық техника қосып береді. Өнімге 12 ай кепілдік бар. Осы салада бәсекелестік жоғары. Алайда клиенттің бабын таба білуі, қолжетімді баға және кәсібилік Жұбайханның цехына үлкен тапсырыстармен жұмыс істеуге жол ашып отыр. Тапсырысты негізінен  үй сатып  алған немесе үй салған отбасылар береді. Кейде кеңсеге де тапсырыс түседі. Әсіресе ұзатылатын қыз, от басын құратын жастар да Жұбайханның клиенті. Тапсырыс беруші  стандартты жиһазды каталогтан таңдап немесе өз дизайны бойынша жасата алады.

Ерекше тапсырыстар ішінде жасырын есіктер мен шкафтар да бар. Айтпақшы, өндіріс қалдықсыз жұмыс істеуге тырысады. Ұсақ бөліктерден қобдишалар, шахмат фигуралары және ағаш үгіндісінен бокс грушаларын жасалады.

Өткен жылы 6%-бен берілетін жеңіл несие бар екенің естіген кәсіпкер «Даму» қорының серіктесі Ырыс МҚҰ-на несие алуға жүгінді.  Қысқа мерзімде  «Ырыс»  МҚҰ клиенттің өтінімін мақұлдап несие берді. Қаражатты кәсіпкер жиһаз қырларын желімдеуге арналған станок сатып алуға жұмсады. Ол жиһаз өндісінің жылдамдылығына ықпал етеді. Бұған дейін қолмен желімделіп келген болатын.