info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

г.Астана, Авторское ателье, ИП "Demi.brand"

Табыстың тарихы
19.12.2017

Ирина Демидова - креативті жас ана, сұлулықты сүйетін кербез келіншек. Бизнесте тәжірибесінің жоқтығына қарамастан Ирина өте табысты жобаны іске асырды. Қазір "Demi.brand" белгісімен авторлық ателье жұмысын жүргізіп отыр.
Бастапқыда жобаны балаларға арналған трикотаж бен "family look" стиліндегі (бір стильде барлық отбасы мүшелеріне арналған) киімдер шығарғысы келгенімен, әйел адамдар киіміне деген сұраныс жоғарылығына байланысты әйелдер киімін тігуді бастады.

Идея аяқ асты пайда болған жоқ. 

"Менің экономика ғылымдарының магистрімін. 2009 ылдан бастап ЕДБ инвестициялық жобалар бойынша несие талдаушысы болып жұмыс істедім. Кәсіпкерлікке бет бұруыма сүйікті жұмысым кедергі болып жүрді. Бірақ балам дүниеге келген соң жоспарым өзгеріп, банктің қызметкері емес, клиентіне айналдым. Бала күтімімен үйде отырғанда тігіншілікке бет бұрып, авторлық ательемді аштым" - дейді Ирина.

Өтінімді банк мақұлдағаннан кейін, "Даму" Қоры кепілдік берді "БЖК-2020" бағдарламасы аясында несиенің пайызы субсидияланды. 

Бүгінде ательеде тұрақты негізде 2 тігінші жұмыс істейді.

Сонымен қатар, "Demi.brand" ательесі тілек білбіргендерге тігін мен пішу өнерінен сабақ та өткізеді. бір ай ішінде белдемше, кеудеше, көйлек сияқты киімдерді үйренуге болады. Ал демалыс күндері кесте төгуді үйретеді.