info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

В Кызылординской области пройдет бизнес-форум на тему «Новые возможности для молодых предпринимателей»

Анонсы
27.06.2017

29 маусым күні Қызылорда облысының Қазалы ауданында жастар арасында кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Жас кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер» атты бизнес форум ұйымдастырылуда.

Семинар бағдарламасы ауданның іс бастаушы және бизнесі бар жас кәсіпкерлерін жастар кәсіпкерлігін қолдайтын бағдарламалармен таныстыру мақсатында және табысты жас кәсіпкерлердің тәжірибелерімен таныса отырып, өңірдің жастар қауымын бизнес ашуға талпындыру мақсатында арнайы жасалды.

Іс-шараның мақсаты: Жаңа шағын және орта бизнес субъектілерінің ашылуына ықпал ету мен бастауыш және әрекет етуші жас кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдауға қол жеткізу механизмдерімен таныстыру болып табылады.

Бизнес форум бағдарламасы:

ЖК А.Байсугановтың «Балалар ойын-сауық орталығының» жұмысымен танысу;

Жеке кәсіпкер Ж.Қыстаубаеваның «Расул» дәмхана кешеннің салтанатты ашылу рәсімі;

Жергілікті жас кәсіпкерлер өндірген өнімдер мен қолөнер бұйымдарының көрмесін аралау;

Бизнес-форумның ашылуы;

Спикерлердің сөз сөйлеуі;

«Батыс Еурова-Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізінің бойынан «С» санатты қызмет көрсету кешенін салу жобасының таныстырылымы;

«Эко-Даму» бағдарламасының Қазалы ауданында жүзеге асырылуы жайында презентация (ЖК А.Қожақов);

Форумға қатысушылардың пікірлері мен ұсыныстары;

Қазалы ауданының кәсіпкерлік әлеуеті дамуына үлес қосқан табысты әрі белсенді жас кәсіпкерлерді марапаттау.

Өтетін мекен-жай: Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Р.Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығы.

Өткізілетін күні мен уақыты: 29 маусым 2017 жыл, басталуы сағат 10:00.

Ақпарат телефоны: +7 72438 23817.