info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

В Астане пройдет бесплатный мастер-класс «Увеличить продажи за 24 часа»

Анонсы
30.06.2017

2017 жылғы 3 шілдеде Астана қаласындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында «24 сағат ішінде сауда көлемін арттыру» тақырыбы бойынша шеберлік сабағы болады.

Шеберлік сабақ бағдарламасы:

  • Сауданың негізгі формуласы, нені санау керек.
  • Саудада «сиқырлы дәрі» бар ма.
  • Өз бизнесіңнің негізгі көрсеткіштерін қалай өлшеу керек.
  • Маржаны көбейту немесе неден бастау керек.
  • Орташа чекті көбейту.
  • Барлығы қолданбайтын сауда көлемін арттыру тәсілдері.
  • Клиентті тұтынушыға айналдыру.
  • Кіріс ағынын көбейту.

Шеберлік сабақты қаржы кеңесшісі, коуч, маркетинг және сату бойынша бизнес-тренер, TTI Success Insights сертификатталған серіктес консультанты Айгерім Ахметжанова өткізеді.

Шеберлік сабақ 3 шілдеде өтеді, басталуы сағат 11:00-де, іс-шараның ұзақтығы – 1.5 сағат.

Қатысу тегін, тіркеу info-prodavai-1@mail.ru бойынша, «Тіркеу» белгісімен аты-жөнін, лауазымын, не сататынын, телефон нөмірін көрсету керек.

Қосымша сұрақтар 8-702-189-77- 21, 8 -775-796-74-43 телефондары арқылы.

Қатысқысы келетіндерді Астана қаласы, Қажымұқан көшесі, 8А үйі, 3 қабат, конференц-зал мекенжайы бойынша күтеміз.