В Костанайской области начался прием заявок на обучение по программе «Поддержка открытия нового бизнеса»

Анонсы
30.06.2017

Қостанай облысының құрметті тұрғындары! Қостанай қаласының кәсіпкерлеге қызмет көрсету орталығында «Жаңа бизнес ашуды қолдау» жобасы бойынша өтінім қабылдау басталды. Өтінім 2017 жылдың 18 тамызына дейін, Қостанай қаласы, әл-Фараби даңғылы 65, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында қабылданады.

Оқу 2017 жылдың 23 тамыздан 25 тамызға дейін Арқалық қаласында өтеді.

Өтінімді 18 жасқа толған, кәсіпкер болсам деген кез-келген адам бере алады.

Жоба барысында сіз өз бизнесіңізді қалай құруды үйреніп, өзіңіз құрған компанияның қызметін оңтайландыруды білетін боласыз. Өз бизнесіңізді құру бойынша, маркетинг, қызметкерлерді басқару туралы, бизнесті заң негізінде жүргізуді, қаржы туралы білім аласыз. Сонымен бірге: бизнес-жоспар жасау да үйретіледі. ШОБ субъектісі ретінде тіркелу, «Даму» Қорының қаржылық қолдауын алу үшін өтінім құжаттарын жинауға көмек көрсетіледі.

Оқу соңында сертификат алғандар Start up жоба байқауына дайын бизнес-жоспарымен қатыса алады.

Қосымша ақпарат: Қостанай қаласы, әл-Фараби даңғылы 65, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы 1 қабат, +7 7142 990300, +7 71430 75 877