В Астане пройдет бесплатный мастер-класс на тему «Как увеличить продажи в стоматологии»

Анонсы
01.07.2017

2017 жылғы 5 шілдеде Астана қаласындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында «Стоматологияда сауданы қалай арттыру керек» атты шеберлік сабағы өтеді.

Шеберлік сабақтың бағдарламасы:

  • Стоматология жетекшілерінің кең тараған қателіктері;
  • Пайданың құпия формуласы, оны білу қажет;
  • Стоматологияда пайданы қалай дұрыс арттыру керек;
  • Өз бизнесіңнің негізгі көрсеткіштерін қалай бағамдау керек;
  • Төмен бағалар – жақсы ма?
  • Орташа чекті ұлғайту;
  • Көпшілік қолдана бермейтін сауда әдісі;
  • Клиентті сатып алушыға айналдыру;
  • Кіріс ағынын көбейту.

Шеберлік сабақты қаржы кеңесшісі, коуч, маркетинг және сату бойынша бизнес-тренер, TTI SuccessInsights сертификатталған серіктес консультант Айгерім Ахметжанова өткізеді.

Шеберлік сабағы 5 шілдеде өтеді, басталуы сағат 11:00-де, іс-шараның ұзақтығы – 1,5 сағат.

Қатысу тегін, тіркеу info-prodavai-1@mail.ru бойынша, «Тіркеу» белгісімен аты-жөнін, лауазымын, не сататынын, телефон нөмірін көрсету керек.

Қосымша сұрақтар8-702-189-77- 21, 8 -775-796-74-43 телефондары арқылы.

Қатысқысы келетіндерді Астана қаласы, Қажымұқан көшесі, 8А үй, 3 қабат мекен-жайы бойынша күтеміз.