info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Объявление о проведении конкурса в г. Алматы

Анонсы
05.02.2020

Байқау өтетіні туралы хабарландыру

Байқауды ұйымдастырушы: Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы.

Орналасқан жері: Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 303, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, индустриалды-инновациялық даму бөлімі, 3 қабат, каб. 313, пошталық мекенжайы: 050040, Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 303, электрондық поштаның мекенжайы: info@almaty.upp.kz, байланыс телефондары: 390-20-88, 390-20-85.

Байқаудың мәні: Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар экономиканың басым секторларында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өтеусіз негізде беріледі

Байқау түрі: ашық конкурс.

Байқауға қатысу үшін тапсырыс қабылдайтын мекенжай: Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 303, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, индустриалды-инновациялық даму бөлімі, 3 қабат, каб. 313.

Байқау құжаттарын ұсыну тәртібі: байқауға қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша тапсырысты және байқау құжаттарының толық топтамасын аталған мекенжай бойынша өзі, пошта немесе өзінің өкілетті өкілі (өкілге берілген сенімхат болған жағдайда) арқылы (қосымшаға сәйкес) ұсынады.

Байқауға құжат өткізу мерзімі: 2020 жылғы «2» наурыздан бастап, 2020 жылғы «20» наурызды қоса алғанда, жұмыс күндері сағат 09:00-ден 17:00-ге (жергілікті уақытпен) дейін.

Тапсырыс берудің басталу күні мен уақыты: 2020 жылғы «2» наурыз, сағат 09:00-ден (жергілікті уақытпен) бастап.

Тапсырыс берудің аяқталу күні мен уақыты: 2020 жылғы «20» наурыз, сағат 17:00-ге (жергілікті уақытпен) дейін.

Аталған мерзімнен кешігіп түскен тапсырыстар қабылдауға жатпайды. Осы хабарландырумен және байқау құжаттарымен http://www.almaty.upp.kz/www.damu.kzhttp://almaty.atameken.kz/
Instagram:@Almaty_kasipker, сайттарында танысуға болады.

Ұсынылатын құжаттардың тізбесі

Р/

Заңды тұлға

Р/№

Жеке кәсіпкер

1.                   

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі

1.      1

Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі

2.                   

Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі

2.      2.

Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі

3.                  

Салықтар, алымдар мен жарналар бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы анықтама

3.      3.

Салықтар, алымдар мен жарналар бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы анықтама

4.                  

Өтінім берген сәттегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған анықтама

4.      3*

Өтінім берген сәттегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған анықтама

5.                   

Бизнес-жоба

5.      4

Бизнес-жоба

6.                  

Ескіру мерзімі 2 (екі) жылдан аспайтын, Бағдарламаның және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қараша № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған«Еңбек»бағдарламасының шеңберінде кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі

6.      5

7.                   

Кәсіпкердің атынан өтінім беру құқығына сенімхат, сенім білдірілген адам паспортының көшірмесі (заңды тұлғаның атынан – заңды тұлға куәландырған)

7.      6*

Кәсіпкердің атынан өтінім беру құқығына сенімхат, сенім білдірілген адам паспортының көшірмесі (заңды тұлғаның атынан – заңды тұлға куәландырған)

8.                  

Кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бары туралы банктік шоттан үзінді немесе халықтың әлеуметтiк-осал топтарын қоспағанда, жылжитын және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалық құнын растайтын құжаттар

халықтың әлеуметтiк-осал топтары – Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 68 бабымен белгіленген азаматтар санаты

8.      7*

Кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бары туралы банктік шоттан үзінді немесе халықтың әлеуметтiк-осал топтарын қоспағанда, жылжитын және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалық құнын растайтын құжаттар

халықтың әлеуметтiк-осал топтары – Қазақстан Республикасының 1997 жылғы

16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 68 бабымен белгіл енген азаматтар санаты

9.                   

Өтініш берушіде халықтың әлеуметтік-осал топтарына жатқызу мәртебесінің болуын растайтын құжат

9.      8.

Өтініш берушіде халықтың

әлеуметтік-осал топтарына жатқызу мәртебесінің болуын растайтын құжат

* қажет болған жағдайда толтырылады

«БЖК-2025» бағдарламасының шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру

1. Мемлекеттік гранттар:

- Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне;

- Ісін жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлерге;

- Ісін жаңадан бастап жатқан жас кәсіпкерлерге;

2. Грант қаражаттарын алу мақсаты:

-         Тауарлар шығару немесе қызметтер көрсету үшін қажетті негізгі құралдарды, шикізатты және материалдарды сатып алу;

-         Материалдық емес активтерді сатып алу;

-         Технологияларды сатып алу;

-         Кешендi кәсiпкерлiк лицензияға (франчайзинг) берілетін құқықтарды сатып алу;

-         Зерттеу жұмыстарымен, жаңа технологияларды енгізумен байланысты шығыстар.

3. Ерекше жағдайлар

- Гранттың ең жоғарғы сомасы 5 000 000 теңгеден аспауы тиіс, ұтыстың  ең төменгі сомасы 2 000 000 млн.тг.;

- Берілген грант сомасының 10% кәсіпкермен бірлесе қаржыландырылуы (халықтың әлеуметтiк-осал топтарын қоспағанда) тиіс;

- бизнес-идея жаңашылдықтары (халықтың әлеуметтiк-осал топтарын қоспағанда).

Грант қаражаттарын:

-         Жылжымайтын мүлік, жер учаскесін сатып алуға және жалдау ақысы ретінде;

-         Үлестес/байланысқан компаниялардан/тұлғалардан негізгі құралдарды/ активтерді сатып алуға (көрсетілетін қызметтерді алуға/жұмыстарды орындауға);

-         Бұрын қолданыста болған негізгі құралдарды (жабдықтарды) сатып алуға пайдаланылмауы тиіс.