18 қаңтарда Астана қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында (КҚКО) «Өзіңді және өз бизнесіңді дамыт» атты шеберлік сабағы өтеді.
Шеберлік сабақтың бағдарламасы мен сұрақтары:
1) бизнестің дербес ерекешліктері;
2) басқару үшін қосымша ресурстар;
3) бизнестің дамытуды қажет ететін әлсіз жақтары.
Шеберлік сабақты «Центр финансового консалтинга» директоры, бизнес-леди, жобалар басқару бойынша сарапшы Акказынова Алия, бизнес бапкер, коуч, басқару психологиясы саласында маман Чернова Ольга өткізеді.
Шеберлік сабақ 18 қаңтарда өтеді, басталуы сағат 10:00-де, іс-шараның ұзақтығы – 3 сағат.
Қатысу тегін, cfk.info1@gmail.com бойынша тіркелу керек. Қосымша сұрақтар +7-778-556-56-33, +7-7172-72-96-02 телефондары арқылы.
Қатысқысы келетіндерді Астана қаласы, Қажымұқан көшесі, 8А, 3 қабат, конференц-зал мекен-жайы бойынша күтеміз.