info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

В Восточно-Казахстанской области начался прием заявок на участие в проекте «Обучение топ- менеджмента МСБ»

Анонсы
08.02.2016

Құрметті Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлері! Шығыс Қазақстан облысы бойынша "Даму" Қорының Аймақтық филиалында "Шағын және орта бизнес топ-менеджментін оқыту" жобасына қатысуға өтінімдерді жинау басталды.

Жобаның мақсаты – табысты бизнес құрудың жаңа үлгілерін енгізу, әрекет етуші кәсіпорынды тиімді басқарудың дағдыларын дамыту және стратегиялық және тактикалық бизнес-міндеттерді шетелдік оқыту орталықтарын шақырумен, "Назарбаев Университеті" Жоғары бизнес мектебінің негізінде шешу.

Шағын және орта бизнес топ - менеджментін оқыту 3 кезеңнен тұрады:

1 кезең: Топтағы үш күндік аудиториялық сабақтар .

2 кезең: 3 онлайн- семинар

3 кезең: Бизнес жоспарлар жасау және бағалау

Жобаның аяқталуынан кейін кәсіпкерлерге Дьюк Университетімен (АҚШ) бірлескен Назарбаев Университетінің оқытуын сәтті аяқтау туралы сертификат беріледі. Кейін кәсіпкерлер "Іскерлік байланыстар" жобасы бойынша шетелде тағылымдамадан өтуге қатысуға бизнес-жоспарларды ұсына алатын болады.

«Шағын және орта бизнес топ - менеджментін оқыту»: жобасының қатысушыларына қойылатын талаптар:

Өтінішкер кәсіпорында жоғары немесе орта буындағы жетекші қызметін атқаруы тиіс.

Кәсіпорын шағын және орта бизнес субъектісі болуы тиіс.

Кәсіпорынның ағымдағы қызметі "Бизнестің жол картасы - 2020" Бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасының Экономиканың басым секторлары тізімі аясында іске асырылуы тиіс.
Оқытудан өту кезінде жүретін жол мен тұру ақысы меншікті қаражат есебінен қаржыландырылады.

Қатысушыларды оқыту бойынша шығындарды төлеу республикалық бюджет есебінен іске асырылады.

Толық ақпаратты алу және қатысуға өтінім ұсыну үшін Өскемен қ. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына, м