info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Столичный филиал Фонда «Даму» объявляет набор на обучение по проекту «Поддержка предпринимательских инициатив студенческой молодежи»

Анонсы
18.03.2016

Жоба ҚР жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқитын студент жастардың өз бизнесін ашуға және немесе дамытуға қажетті кәсіпкерлік және тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру жолымен кәсіпкерлік әлеуетін ашуға ықпал етуге бағытталған.

Жоба шеңберінде студенттер мамандандырылған семинарларға бара алады және тәжірибелі бизнес-жаттықтырушылардың басшылығымен бизнесті ашу және жүргізу туралы үйрене алады.

Сондай-ақ Кәсіпкерлерге қызмет көрсету «Даму» қоры Орталығының мамандары студент жастарға бизнесті ашу және дамыту туралы консультациялық қолдау көрсетеді, соның ішінде:

бизнес-жоспар дайындауға ықпал ету;

ШОБ субъектісі ретінде тіркеуге жәрдемдесу;

бизнесті жүргізу мәселелері бойынша кеңес беру;

«Даму» Қорының қаржылық қолдау құралдары бойынша іске асырылатын бағдарламаға тапсырыс беру үшін құжаттарды жинауға жәрдемдеседі .

Оқыту Астана қаласының КҚКО-да өтеді.

Алты күн бойы қатысушылар оқытудан өтіп, оны аяқтаған соң кәсіпкерлерді қолдау Орталығының мамандарының кеңесін алып, бизнес-жоспарлар жазып, практикалық оқытуға арналған өтінімді тапсырады.

Комиссия төрт үздік жобаны төмендегі талаптар бойынша іріктейді

экономиканың басым секторларына қатынасы,

жаңа жұмыс орындарын құру,

әлеуметтік әсері,

экологиялық тиімділігі, қоршаған орта және тұрғындардың денсаулығына әсері,

қаржыландыру көлемі.

Жеті апта ішінде үздік жобалардың авторлары тәжірибелік онлайн-оқытуды өтіп, бизнесті құру және оны іске асыру бойынша машықтанады. Оларға қалай сайт жасауды, сатуға арналған жазуларды дайындау, жарнама баннерлерін дайындау, сату тиімділігіне талдау жүргізу, маркетингтік акцияларды іске қосу, интернет арқылы өз қызметтеріне ақы төлеу және тауарларды сатып алуға үйретеді.

Орын саны шектеулі! Асығыңыз, қатысуға шақырамыз!

Толық ақпарат алу және жобаға қатысуға өтініш беру үшін КҚКО үйлестірушісіне осы мекен-жайы бойынша хабарлауыңызды сұраймыз:

Астана қаласы Қажымұқан көшесі, 8А, 1 қабат немесе e-mail Zamzagul.Khamzina@fund.kz, телефон 559434, call-centre 1408.