info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Костанайский филиал Фонда «Даму» приглашает предпринимателей принять участие в национальной выставке «Сделано в Казахстане»

Анонсы
24.03.2016

Құрметті кәсіпкерлер!!!

2016 жылдың 06-08 мамыр аралығында Астана қаласында «Қазақстанда жасалған» Ұлттық көрмесі өтеді. Көрмеде мемлекеттік қолдауға ие болған отандық компаниялардың өнімдері мен қызметтерін ұсынып, еліміздегі ШОБ дамуының нақты деңгейін көрсету жоспарланып отыр. Сонымен көрме Сіздерге тапсырыс берушілер мен сатып алушыларды табуға көмектеседі.

Көрменің ұйымдастырушысы «Даму» Қоры.

Өткізілетін орны: «Көрме» көрме орталығы, Астана қ., Достық к., 3. Кәсіпкерлер үшін көрмеге қатысу - тегін. Ұйымдастырушылар есебінен көлемі 6 ш.м. - 20 ш.м. 1 көрмелік бұрыш ұсынылады, сонымен қатар, кәсіпкер туралы ақпарат көрме каталогына енгізіледі.

Орындар саны шектеулі. Өз мүмкіндіктеріңізді жіберіп алмай, көрмеге Қостанай облысының атынан қатысыңыздар!

Нақтырақ ақпарат алу және тапсырыс беру үшін мына мекен жай бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: Қостанай қ., Әл-Фараби даңғ., 65 «Бизнес-орталық» - Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, 1 қабат, сағ. 09.00-18.00, анықтама телефондары: 8(7142) 99-03-00, 54-15-83