info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

В Костанае пройдет День открытых дверей в Мобильном Центре Поддержке Предпринимательства

Анонсы
24.03.2016

Қостанай облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасын жүзеге асыру аясында, 30 наурыз күні «Ашық есік» күнін өткізеді.

Шараны өткізу барысында әрбір келушілер ( болашақ, іс бастаған, кәсібі бар) үшін мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржылай және қаржылық емес қолдау құралдарын алу мүмкіндігі туралы, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының қызметтері туралы, банктерде қаржыландыру туралы тегін кеңестер берілетін болады.

Ашық есік күні 2016 жылдың 30 наурызында 09.00-18.00 аралығында Кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің мобильді орталығында (арнайы жабдықталған автобус) өтеді, ол Әл-фараби д-лы бойынша жолдың учаскесінде «Қазақтелеком» АҚ және «Қостанай облысы әкімдігінің мәдени басқармасы» ММ ғимараттардың арасында тұрады.

Анықтамалар үшін телефоны: 8 7142 990 300