info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Начался конкурс на предоставление государственных грантов для МСБ

Анонсы
04.03.2018

 «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан тұлғаларға мемлекеттік грант (жеке бизнес құруға арналған) беру бойынша конкурс басталғаны туралы «Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы» ММ хабарлайды.

            Конкурс ұйымдастырушысы: «Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы» ММ

            Орналасқан жері: Павлодар қаласы; пошталық мекен-жайы: Ленин көшесі, 61; электронды пошта: kense.dpp@pavlodar.gov.kz;

            байланыс телефоны: (718-2) 65-30-69, 32-42-39

            Конкурстың мәні: «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттарды (жеке бизнесту құруға арналған) ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан тұлғаларға беру.

            Конкурстың формасы: ашық конкурс.

            Конкурсқа қатысу үшін өтінім берудің орны: Павлодар қаласы,  Ленин көшесі, 61, каб. 108

            Конкурстық құжаттаманы ұсынудың тәртібі: конкусқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжайы бойынша құжаттарды бектілген нысан бойынша немесе конкурстық құжаттаманың толық пакетін жеке, пошта арқылы немесе өзіннің уәкілді өкілі арқылы ұсынады.  

            Құжаттаманы ұсынудың мерзімі: 2018 жылғы «5» наурыздан 2018 жылғы «19» наурызға дейін, жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ға дейін (жергілікті уақыт).

Өтінімдер беруді бастаудың күні және уақыты: 2018 ж. «5» наурыздан 10.00 сағаттан бастап (жергілікті уақыт).

Өтінімдер беруді аяқтаудың күні және уақыты: 2018 ж. «19» наурызға 17.00 сағатқа дейін (жергілікті уақыт).

Мерзімі өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды. Осы хабарлама және конкурстық құжаттама туралы  www.dkb2020.kz www.upt.pavlodar.gov.kz; www.damu.kz сайтынан білуге болады.

Қажетті құжаттардың тізімі:

1) Бағдарлама әкімшісімен сайтта орналастырылатын нысан бойынша Гранттарды беру жөніндегі конкурсқа қатысу өтінімі;

2) заңды тұлғаны (жеке кәсіпкерді) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

3) өтініш беру күніне дейінгі 30 күнтізбелік күн алдында берілген, бюджетке міндетті төлемдер бойынша борышкерліктің жоқ екендігі анықтама;

4) Басшының қолы және өтініш берушінің мөрі (бар болған жағдайда) қойылған, өтінім берген сәтте жалдамалы жұмысшылардың орташа саны туралы анықтама;

5) бизнес-жоба;

6) Бағдарлама және/немесе Жұмыспен қамту 2020 курстарында кәсіпкердің қысқамерзімді оқуын растайтын құжаттың көшірмесі;

7) кәсіпкердің ағымдағы шотында ақшалай қаражаттардың бар болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің баға құнын растайтын құжаттар;

8) Кәсіпкердің атынан өтінімді беру құқығын растайтын сенімхат, сенімді өкілдің  төлқұжаты көшірмесі (заңды тұлға атынан – заңды тұлға қол қойған құжат).