12.04.2018
12 cәуірде «Даму» Қорының Солтүстік Қазақстан облысындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында ісін жаңадан бастаған және бизнесі бар кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік қолдау бағдарламаларына таныстырылым өтеді.
Жиында:
• Бизнесті қолдау және бизнесті дамыту «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы мен «Даму Оптима» бағдарламасына қатысу шарттары;
• Қашықтан оқыту жобалары және консультациялық сүйемелдеу, несиенің пайыздық мөлшерлемесінің көлемін қалай азайтуға болатынын, кепілзат жеткіліксіз болған жағдайда «Даму» Қорының кепілдігін пайдалану, сондай-ақ қаржылық сауаттылықты қалай арттыру керектігін біле аласыз.
Мекен-жайы: Петропавл қ., Жамбыл к-сі, 191. «Даму» Қорының КҚКО, оқу сыныбы, 1-қабат. Семинар өтетін күні сағат 10-00 ден 11-00-ға дейін. Телефон байланыс үшін: 8(7152) 55-98-11.