+7 (800) 080 18 90

Жаңалықтар
11.07.2018

Талдықорғанда «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында алғашқы жоба қолдау алды

 «СурМАК» ЖШС Алматы облысында «Нұрлы Жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасы аясында өз жобасын жүзеге асыруға кіріскен тұңғыш компания. 2003 жылы құрылған компания құрылыс-монтаждау жұмыстары саласында өзін сенімді әріптес ретінде танытып үлгерген. ЖШС ғимарат тұрғызу мен құрылыс жұмыстарының толық кешенін ұсынады. Атап айтқанда тұрғын үй құрылысы, әкімшілік ғимараттар, балабақша, мектеп, жол мен инженерлік желілер салу бойынша да қызмет көрсетеді.
Талдықорған қаласында салынатын жалпы аумағы 2735,1 ш.м. болатын бес қабатты көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысына «СурМАК» ЖШС «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы 14%-бен несие алды. Оның 7% пайызын субсидия арқылы мемлекет өтейді. Кәсіпкер «Даму» Қорынан «Даму Оптима» құралы бойынша қарыз сомасының 50%-на кепілдік алды.
          Компанияның бас директоры Асамұрат Нұрмолдаұлының айтуынша, мемлекеттік қолдаудың арқасында компанияның банк алдындағы берешегі азайған.
-      «Жобаны «Нұрлы Жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша жүзеге асырғанымызға қуаныштымын. Менің ойымша, бұл бағдарлама құрылыс саласындағы компанияларды ынталандырып, сапалы қызмет көрсету үшін бәсекелестік тудырады. Сондай-ақ бізде осы бағытта іске асыруды жоспарлап отырған ұзақ мерзімді жоспарлар бар» - дейді Асамұрат Нұрмолдаұлы.
«Нұрлы Жер» бағдарламасы жеке құрылыс компанияларына жылына 14%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесімен несие беруді көздейді. «Даму» Қоры 7%ын субсидиялайды. Субсидия тұрғын үй құрылысымен айналысатын кәсіпкерлердің жаңа несиелері үшін қарастырылған. 1 шаршы метр құны 220 мың теңгеден аспайды (инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құнын қоспағанда).
«Даму» Қорында егжей-тегжейлі кеңестер беріледі және екінші деңгейлі банктер шешім қабылдағанға дейін жобаларын сүйемелдеу бойынша қызметтер тегін көрсетіледі. Анықтама телефондары: 8 (7282) 55-87-10.