+7 (800) 080 18 90

Жаңалықтар
12.07.2018

Алматыда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тағы 2 жоба қолдау алды

      
Алматы қаласында мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша құрылыстар жалғасуда. Бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі – құрылыс компанияларының неси пайызын «Даму» қоры арқылы субсидиялау. Бұл - құрылыс компаниясының ​​несие пайызын төмендетуге және тұтынушыларға шаршы метрдің құнын төмендетуге мүмкіндік береді.
        Бірінші құрылыс компаниясы - «Нов-Эк» ЖШС. Бөлінген қаражатқа «Әділет» тұрғын үй кешенін салу жоспарланып отыр.
        Екінші жоба – «Қарасу» ЖШС жеке 7 тұрғын үй салуды жоспарлаған. «Қарасу» коттедж қалашығы Алатау ауданының Қарасу шағын ауданында орналасады. Кешен негізгі автожолдардан қашықтау және Қарасу шағын ауданындағы жеке аумақта. Таза ауа, шу жоқ, отбасы үшін өте ыңғайлы жерде.
       «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының арқасында тұрғын үй құрылысы саласы мен ипотекалық несиелеу нарығында ілгерілеушілік бар.
      Естеріңізге сала кетейік, «Нұрлы жер» бағдарламасы жеке құрылыс компанияларына Қазақстан Республикасы Ұлттық ,анкі белгілеген сыйақы мөлшерлемесі бойынша несие беруді көздейді. «Даму» Қоры оның 7%-ын субсидиялайды.
          Тілек білдіргендер Алматы қ., Достық даңғылы 192/2, «Жасыл мұнара» БО, 1-қабат, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына немесе 2445566 (ішкі.3113,3116) телефоны арқылы хабарласа алады.