info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«Жаңа бизнес ашуды қолдау» жобасы аясында екінші тоқсанда 20 кәсіпкер оқыды

Жаңалықтар
19.08.2017

Алматыдағы «Стартап академия» жанында 20 іс бастаушы және бизнесі бар кәсіпкер «Жаңа бизнесашуды қолдау» атты оқуға қатысты. Бұл оқу табысты бизнесменге айналу үшін старт-ап жобаларды қалыптастырып, дамыту арқылы үміткердің кәсіпкерлік әлеуетін ашуды көздейді.

Осылайша «Даму» қоры тәжірибелік жаттығу, проблема, мысал, бизнес ұйымдастыру және басқа да интерактивті оқыту әдістерін пайдалана отырып, табысты бизнес құру, бизнесті жүргізу бойынша базалық білім берді. Бұл - жас және іс бастаушы кәсіпкерлер үшін жақсы мүмкіндік.

Сондай-ақ семинар барысында табысты бизнесмен әйел, фитнес клубтың иесі – Лейла Юрчук тәжірибесімен бөлісті.

Оқу соңында төрт тыңдаушы жеке кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелді. Енді олар «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберіндегі грант байқауына қатысу үшін құжат әзірлеуде.