info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Атырауда «Даму» қорының 20 жылдығына орай футболдан турнир өтті

Жаңалықтар
14.08.2017

12 тамыз күні Атырау қаласында «Даму» қорының құрылғанына 20 жыл толуына байланысты шағын футболдан турнир өтті.

Турнирге екінші деңгейлі банк филиалдары, бұқаралық ақпарат құрал өкілдері және «Даму» қорының Атырау филиалы командалары, барлығы 8 команда қатысты.

Турнир өте қызу өтіп, жеңісті «Нұрбанк» қызметкерлері еншіледі. Олар Финалда «Qazkom» банкінің өкілдерін тізе бүктірді. Жүлделі 3-орынға «Еуразиялық банк» өкілдері қол жеткізді.

Мараптау шаралары кезінде, «Даму» қоры филиалының директоры Алия Өтепқалиева қатысушыларға алғысын білдіріп, жеңімпаздарға кубок пен мақтау қағаздарын табыстады.