info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Қостанайда «Экономикалық журналистика» тренингі өтті

Жаңалықтар
10.08.2017

Тренингке қатысушылар іскерлік БАҚ жұмысымен табысты және сәтсіз мысалдар арқылы таныса алды. Күрделі экономикалық тақырыпқа мақалаланы оңай жазуды үйреніп, іскерлік ақпаратты өз аудиториясына қолжетімді және пайдалы ете алуды біліп, тақырып табу, сарапшылар мен спикерлерді анықтау жайын ұқты.

Экономикалық журналистика - кәсіби жанр. Бұл салада журналистер қаржы және бизнеске қатысы бар ақпаратты қадағалайды, жинайды, жазып алады және талдайды. Бұл - билік өкілдеріне және іскер топтарға өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді.

Оқуды медиатренер Екатерина Тутова жүргізді. Екатеринаның журналистикадағы еңбек өтілі 18 жылдан астам. Қостанай облысының «Алау» телерадиокомпаниясында жаңалықтар қызметінің редакторы, авторлық бағдарламалар редакторы, жетекші, бас редакторы, директор болып қызмет еткен. Экономикалық жобалардың авторы және жетекшісі.

Қатысушылар экономика туралы қызықты, түсінікті және қарапайым жазуға үйренді. Экономикалық журналистиканың рөлін, экономикалық ақпаратпен жұмыс істеу әдістерін оқып, сандарды талдауға үйренді.

Тренинг соңында «Даму» Қорының сарапшы-өкілдерімен дөңгелек үстел өтті. Қатысушылар мемлекеттің кәсіпкерлерді қолдау бағдармаларымен танысты.

Тренинг қорытындысы бойынша «Даму» Қоры атынан сертификаттар тапсырылды.