info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Павлодарда мүмкіндігі шектеулі әйелдерге арналған тренинг өтті

Жаңалықтар
12.06.2017

Павлодар қаласында 10-11 маусым аралығында «Мүмкіндігі шектеулі әйелдердің кәсіпкерлік қабілетін дамыту» жобасы аясында оқу курсы өтті.



Семинар мүгедектігі бар әйелдерге кәсіп бастауға көмектесіп, ішкі кедергілерін жойып, көшбасшылық қабілеттерін дамытуды көздейді.


Тренинг барысында қатысушылардың мүгедектікке деген көзқарастарын өзгертуге күш салынды. Мүгедек әйелдер ұжымда көшбасшылық дағдыларын қалыптастырудың негізгі әдістерін үйреніп, тиімді қарым-қатынасты қалай орнатуға болатынын ұғып, бизнес-жоба жасау секілді басқа да көптеген қажетті біліктіліктерді зерттеуге алды.

Оқу аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға сертификат тапсырылды.