info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Startup академиясының» алғашқы семинары өтті

Жаңалықтар
11.01.2017

Стартап жобаларды дамыту мақсатында кешенді қолдау көрсету үшін «Даму» Қоры Жоғары оқу орындармен әріптестік негізде «Startup Академиялар» құруды қолға алды.

2016 жылдың екінші жартыжылдығында «Даму» Қоры мен Almaty Management University арасында меморандумға қол қойылып, 29-30 желтоқсан күндері Алматыда «Жобалық менеджмент» атты алғашқы тренинг өтті. Семинарды Қазақ ұлттық техникалық университетінің «Экономика және қаржы» кафедрасының меңгерушісі, PhD Әлібек Бисембаев өткізді.

Оқу барысында студенттер халықаралық стандарттар негізіндегі жобаларды басқару жолдары және оны жұмыс барысында пайдалана білу жолдарымен танысты. Сонымен қатар, семинарға «Даму» Қорының «Жаңа бизнес ашуды қолдау» атты жобасына қатысқан іс бастаушы және кәсібі бар бизнесмендер де қатысты. Олар мұнда өз бизнес-идеяларының үлгісін көрсетті. Тренинг соңында 21 қатысушы сертификат алды.