info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«Азимут Реал» ЖШС мемлекеттің қолдауымен бизнес аясын кеңейтіп келеді

Жаңалықтар
24.09.2018

«Азимут Реал» компаниясы негізінен жүргізушісі бар көлікті жалға берумен айналысады. 2005 жылдан бері кез-келген қашықтыққа жолаушылар тасымалы қызметін көрсетіп келеді. Осы уақыт ішінде сапалы қызметі, қолайлы бағалар мен қауіпсіз жеткізудің арқасында клиенттер қатарын көбейтіп, абыройлы компания атанған. 
Александр Боваль – «Азимут Реал» компаниясының жалғыз құрылтайшысы, негізін қалаушы және директоры. 
Кәсіпті алғаш қолға алған кезін еске алған Александр өзінің жүргізуші болып жұмыс істегенін айтады.
- «Мен өз жұмысымды жақсы көретінмін және ләззат алатынмын. Біріншіден, бұл жұмысқа шын көңілден, ниеттеніп, көтеріңкі көңілмен барасың. Екіншіден, ірі компания басшыларымен таныстығым басталды. Мен қызмет көрсететін сол кездегі құрам білімді, мәдениетті және қызықты адамдар еді. Осы бизнесті өз қолыма алып, іс тастау туралы ой осы кезде келді», - дейді Александар.
Жүргізуші болып жұмыс істеп жүрген уақыттарында Александр бұл кәсіптің табыстылығын байқады. Сол себепті жеке бизнес ашу жайлы ойға тоқтады. 
- «Алғашқы минивеніме ақша жинаған соң Германияға барып Mercedes-Benz санатты бизнеске арналған минивен сатып алдым. Бұл 2004 жыл болатын. Ол кезде мұндай көлік 5000-6000 еуро тұратын», - дейді кәсіпкер.  
Алғашқы жылдары жұмыс көп болды. Бизнесті кеңейтуге идея туындап, қосымша көлік алу туралы ой келе бастады. Дәл осы кезде кәсіпкердің алдында екі кедергі тұрды. Біріншісі – жауапты, ісін сапалы қылып орындауды мақсат тұтатын жүргізуші табу қиындығы. Екінші проблема – мол қаржы салу қажеттігі. Сол кезде Александр қаржылық ұйымдарға хабарласа бастады. 2013 жылы «Даму» Қорынан кеңес алып, «БТА Банк» арқылы, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында автокөлік алуға қаржы алды. Кейіннен осы бағдарлама аясында 2015 жылы да несиеге қол жеткізді. Бүгін міне, ВТБ банк арқылы «БЖК 2020» аясында қаржыландыру туралы өтініш берді.
Жүргізушіліктен бастап өз компаниясын құрғанға дейінгі еңбек жолынан өткен Александр өз тәжірибесімен бөліскенді жөн көреді. 
- «Неге екені білгісіз, біздің елдегі азаматтар бір істі бастауға қатты жүрексінеді.... Тәуекелге бел бумай істің түбіне жету мүмкін емес. Бизнесте пайда оңай келмейді. Тіпті қаншалықты қиын күндер кезіксе де бизнес шыңына жетем деген адам салын суға кетірмеу керек. Мен өз қарамағымдарға жиі айтатын сөзім: «ештеңе істемеген адам ғана қателікке ұрынбайды», - дейді Александр. 
Бүгінгі күні компанияның иелігінде эконом және бизнес санаттағы, әртүрлі сыйымдылықтағы «Skoda», «Toyota» секілді жаңа автокөліктер бар. Сағаттап және тәуліктеп жалға алумен қатар компания көлікті ұзақ мерзімге де жалға береді. 
Болашақта Александр Боваль электрокар сатып алуды да жоспарлап отыр. Біз өз кезегімізде кәсіпкерге сәттілік тілеп, «ВТБ» арқылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламася аясында табысқа жетуіне тілектеспіз!

Компания сайты: http://azimutreal.kz/