Стоматология - одна из самых востребованных медицинских услуг

+7 (800) 080 18 90

info@fund.kz

Жаңалықтар
12.10.2018

Стоматология - медициналық қызмет көрсетудегі ең сұранысқа ие сала

Стоматология - медициналық қызмет нарығындағы ең танымал және сұранысқа ие сала. Әрі ең табысты қызмет түрі  де.  Осы нарықтағы сапалы қызметімен көзге түсіп жүрген компаниялардың бірі -  2016 жылы құрылған «3D Dent».
Тіс күтімі мен емі сияқты қызметтерді ұсыну үшін жаңа құрал- жабдықтар сатып алу керек болды. Бұл  бастаманы «Даму» Қоры кепілдікпен қамтамасыз етті. Сонымен қатар «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында банк несиесінің пайыздық мөлшерлемесі субсидияланды. 14%-дың 7%-ын кәсіпкер төлейді, ал қалғанын мемлекет өтейді.
Несиенің арқасында клиника пациенттерге сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін заманауи жабдықтармен жабдықталды. Қазір компания дәстүрлі стоматологиялық қызметтерден басқа, тіс имплантациялауды да ұсынады. Клиникада жүзеге асырылатын стоматологиялық қызметтердің ауқымы өте кең: бұл жалпы диагноз және тістерді жою және соңғы стоматологиялық технологияларды пайдалана отырып ағарту, тегістеу және икемділік пен протездеуді имплантациялау арқылы өзгерту. Компания кез-келген уақытта ересектер мен балаларды қабылдайды, себебі стоматология демалыссыз жұмыс істейді.