Что приходит на ум, когда слышишь слово «Чудо-печка»?

+7 (800) 080 18 90

info@fund.kz

Жаңалықтар
12.10.2018

«Ғажайып пеш» сөзін естіген кезде ойыңызға не келеді?

Балалық шақтың елесі: анамыз ас үйде бисквит жасауда, ал үстел устінде керемет пеш қызып тұр, ал сіз әлемдегі ең тәтті, ең ғажайып тортты, ананың тортын күтіп отырсыз. Елестеттіңіз бе?!

Балалық шақтың тәтті-дәмділерін еске түсіріп қана қоймай, аналарымыз бен әжелеріміздің ең жақсы рецептеріне сәйкес печенье пісіруге тырысу идеясы қос бойжеткен Джулия мен Аннаның басына келді. Осылайша, бірлескен бизнестің негізі қаланды.

Егер бұл ананың рецепті десек, онда олар жасаған бұйымдар ең жақсы сапада болуы керек. Сондықтан барлық шикізаттың 80%-ы қазақстандық өндірушілерден алады. Ақмола облысының ауылдарынан астық пен ірімшік, Астана мен Батыс Қазақстаннан май мен бал, солтүстіктен сүт және қаймақ, ал көкөністер, жаңғақ, кептірілген жемістер Қазақстанның оңтүстігінен, Алматы дан шоколад. Ең бастысы, бәрі таза және табиғи!

Кез-келген басқа бизнес сияқты, қиындықтар да болмай қоймады. Бір жыл бойы бөлмені жалға алып, көптеген қолайсыздықтар мен қиындықтарды  бастап кешірді.

"Біз бөлменің мәселесін шеше алмадық. Сондықтан банктен несие алуға өтінім бердік. Бірақ мемлекеттік қолдаусыз жас компанияға несие алу қиын еді. «Даму» АҚ «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында кепілдік берді. Ал «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша берілген субсидия несиені өтеуге мүмкіндік берді. Біздің кең және жайлы шеберхана туралы арманымыз шындыққа айналды.

Қазір "Чудо  печка" 80-нен астам өнім шығарады. Олар: 1974 жылдан бастап рецепті сақталған консервіленген сүтті торттар, бәліштер, тоқылған тоқаштар және тіпті тәтті жаңғақтар. Қаланың басқа бөлігінен кремді түтікше сатып алу үшін ғана бірнеше рет көлік ауыстырып келетін клиенттер бар. Бұл -  клиенттерді бірінші орынға қойып, сапалы өнім шығарудың арқасын .