Мечты сбываются

+7 (800) 080 18 90

info@fund.kz

Жаңалықтар
09.11.2018

Орындалған арман

2017 жылы өңірлердегі жоғары оқу орындары базасында «Даму» Қоры «Start up Академия» оқыту жобасын өткізді. Атырау облысы бойынша Х. Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университеті жанында жобаға 195 студент қатысып, осы жоба аясында старт-ап жобаларының байқауы кезең-кезеңмен өтті. Байқауға қатысушыларды ЕДБ өкілдері мен Атырау облысының жетекші кәсіпкерлері бағалады. Айта кету керек, «Start up Академияда» оқыған ісін жаңа бастаушы 18 кәсіпкер әртүрлі бағыт бойынша бизнес ашты. Бүгін біз «Start up Академия» байқауының үшінші кезең жеңімпазы, 50 мың теңге көлеміндегі сертификат иегері Ілияс Үсеновтің жетістігін айтамыз. Ол Нұрсая шағын ауданында мүгедектерге арналған спорт-сауықтыру орталығын ашып, арманына қол жеткізді. «Startup Академия» консультанттары жоба қорғау бойынша әр қатысушымен орасан зор жұмыс атқарғанын да айта кету керек. - «Мен әрқашан мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетуді, олардың туған қаласында ем алуларын армандадым. Себебі Алматы, Өскемен қалаларында оңалту курсынан өту үшін баруға екінің бірінің мүмкіндігі жоқ. Білім алуға мүмкіндік беріп, оқыту курсын ұйымдастырғаны үшін «Даму» Қорына, маған сеніп және менің арманымды жүзеге асыруға көмектескен, шабыттандырған тәлімгерлерім: Ануар Жұмабай, Үмбетжанова Жұмажан, Смадияров Самат, Әділет Қиясоваларға ризашылығымды білдіргім келеді», - дейді жас кәсіпкер Ілияс Үсенов. Айта кету керек, Атырау облысында 2016 жылдан бастап «Теңізшевройл» ЖШС демеушілік ететін, Еуразия қоры (ОАЕҚ) қолдау көрсететін «Жарқыра» әлеуметтік жобасы іске аса бастады. «Даму» Қоры «Жарқыра» әлеуметтік жобасына кәсіпкер тартатын серіктестердің бірі.