Спеши создать успешный бизнес с Фондом «Даму»

+7 (800) 080 18 90

info@fund.kz

Жаңалықтар
09.11.2018

«Даму» Қорының көмегімен табысты бизнес ашуға асық

Мылтықбаева Нұргүл бизнеспен 2014 жылдан бастап айналыса бастады. Алдымен ақша жинап, шағын көкөніс дүкенін ашты. Бастапқыда тауарды өзі тасып, өзі сатқан. Жас кәсіпкердің еңбекқорлығы мен табандылығы жемісін берді. Компанияның айналымы мен табысы артты. 2017 жылы ол азық–түлік саудасын кеңейтіп, тағы бір дүкен ашуға шешім қабылдады. Алдымен «Астана» жаңа шағын ауданынан дүкенге ыңғайлы жай сатып алуға бел буды. Несиені «Fortebank» АҚ арқылы, «Сырдария» өңірлік бағдарламасы бойынша 8,5%-бен алды. Өз қаражатына құрал-жабдықтар, стеллаждар, үстелдер мен сөрелер сатып алып, «Арзан» атты дүкен ашты. Мұнда көкөніс, жеміс, киім-кешек пен азық-түлік сияқты күнделікті сұранысқа ие заттар сатылады. «Мемлекеттік бағдарлама мен төмен пайыздық мөлшерлемелердің арқасында мен коммерциялық жылжымайтын мүлікті тиімді шарттармен сатып ала алдым. «Даму» Қорына мемлекеттік қолдауы үшін алғысымды білдіремін», - дейді Нұргүл.