В ЗКО открылось кино на колесах

+7 (800) 080 18 90

info@fund.kz

Жаңалықтар
09.11.2018

Батыс Қазақстан ауылдарына көшпелі кино келеді

Батыс Қазақстандық ісін жаңа бастаған кәсіпкер Еркін Жиенбаев балалар мен ересектерге арналған мобильді 3D-кинотеатрын ашуды армандайтын. Себебі бұл жоба арқылы кәсіпкер кинотеатры жоқ елді мекендерге кино көрсетуді көздеген. Мобильді кинотеатр балабақша, мектеп және ауылдық клубта кино көрсетуге арналған. Жобаның негізгі мақсаты - Батыс Қазақстан облысындағы кинозал жетіспеу проблемасын шешу және отандық мультфильмдер мен фильмдерді көрсету арқылы елдегі кинематографқа қолдау көрсету. Кинотеатры жоқ елді мекендерді елестетіп көріңіздер. 3D-форматты былай қойғанда, жәй ғана кино көргісі келетін көптеген адамдар бар. Ал ондай ауылға ғайыптан тайып Еркін Жиенбаев мобильді кинотеатрімен келе қалады! Жабдықтар көлігіне сияды. 1 сағат ішінде кез-келген қолайлы жер - клуб, акт залы, тренажер залы, мектепте немесе ашық аспан астында да орнатуға болады. Проектор сатып алу үшін Еркін «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы несие алды. Кепілзаты жеткіліксіз болуына байланысты «Даму» қоры кәсіпкерге несие сомасының 85% мөлшерінде кепілдік беріп, несиенің сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялады. Енді Еркін шалғай аудандардың тұрғындарын жаңа фильмдермен қуантуда.