Более 20 тысяч предпринимателей в 2018 году получили поддержку Фонда «Даму»

+7 (800) 080 18 90

info@fund.kz

Жаңалықтар
11.01.2019

2018 жылы 20 мыңнан астам кәсіпкер «Даму» Қоры арқылы қаржыландырылды

SCK_8657.JPG

Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының 2018 жылғы жұмыс нәтижелері жарияланды.

SCK_8653.JPG

Басқарма төрағасының айтуынша, Қор бағдарламалары арқылы қаржыландырылған жобалардың жалпы сомасы 473,3 млрд тенге теңгені құраған. Бұл - 21 181 жоба. Екінші деңгейлі банктер арқылы жеңілдікпен несиелендіру бағдарламалары бойынша 2018 жылы 17 690 жобаға 248,5 млрд теңге несие берілген. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 2018 жылы субсидия алған жобалар саны – 1432-ге жетті. Несие сомасы 173,2 млрд. теңге болды. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 41 жоба субсидияланып, БҰҰ Даму бағдарламасы бойынша – 68 жоба мақұлданған. Банк алдында кепілзаты жетпеген жағдайда кепілдік алған жобалар саны 48%-ға артқан. 2018 жылы «Даму» Қоры кәсіпкерлердің ЕДБ алдындағы 65 млрд теңгені құрайтын несиелері бойынша 1 950 кепілдік берген.

Жиын барысында қорытынды нәтижелердің көрсеткішін оң қылатын негізгі факторлар аталды:

ü Мемлекеттік қолдау талаптары жақсарды. Ол бойынша несиеге еркін мөлшерлеме бекітіліп, жобаларды қарау уақыты қысқарып, шағын жобаларды өңірлік үйлестіру кеңесінің қатысуынсыз қарау мүмкін болды. Мұнымен қатар, несие өтінімдерін қараудың бірыңғай стандарты енгізіліп, несиелеу шаралары мен құжат жинау процестері оңтайландырылды. Шағын және орта бизнеске қолдау көрсетудің талаптарын оңайлататын бірқатар өзгерістер енгізілді;

ü Басқару жүйесі мен кадр әлеуетін арттыру мүмкіндіктері жетілдірілді. Микроқаржы ұйымдарын тікелей қаржыландыру арқылы микро бизнесті қолдау үшін жаңа құрылымдық бөлім құрылып, Қордың ұйымдық құрылымы қайта қаралды;

ü Шағын және орта бизнесті қолдаудың шет елде жемісті жүзеге асқан жаңа құралдары енгізілді. Ол құралдар ішкі нарықтағы Қазақстан бизнесіне, Қазақстанның шет елдегі инвестициясы, тауарлары мен қызметтері экспансиясына қосымша мүмкіндіктер береді;

ü Тиісті қаржыландыру көлемін тартудың арқасында негізгі бизнестің тұрақты дамуына қол жетті;

ü Электронды үкімет порталы арқылы қызмет алуға мүмкіндік беретін қаржылық құралдар автоматтандырылды.

SCK_8632.JPG

Биыл «Даму» Қоры дамудың бірнеше бағытын алға қойды. Атап айтқанда: белсенді ШОБ қатарын арттыру, микрокәсіпорындарға қолжетімді болуы үшін бағдарламалардың талаптарын оңтайландыру, оның ішінде несие технологиялары мен IT шешімдерді біртіндеп енгізу, қашықтан оқыту, іс бастаушы кәсіпкерлерге қызметтердің толық жиынтығы және Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары жұмысының ретін қайта қарастыру да бар. Қор микро-, шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыру үшін қосымша бейүкіметтік қаржы көздерін  де тартпақ. Оның ішінде халықаралық қаржы институттарынан алынатын қаражат, облигациялар шығару арқылы қорландыру, корпоративті бизнес қаражаты да бар. Қордың тұрақты институционалды дамуы бизнес-процестердің автоматтандырылуы, ұжымдық басқару деңгейін көтеру және қызметтің жоспарланған қаржылық нәтижелер деңгейіне қол жеткізуімен байланысты.