Объявление о проведении конкурса

+7 (800) 080 18 90

info@fund.kz

Жаңалықтар
25.02.2019

Байқау туралы хабарландыру

Ұйымдастырушы: «Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы» ММ

Орналасқан жері: Павлодар қаласы;

Пошта мекенжайы: Астана көшесі, 61;

Электрондық пошта: kense.dpp@pavlodar.gov.kz;

Байланыс телефоны: (718-2) 65-30-69, 32-42-39
Мәні: «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттарды (жеке бизнесті құруға арналған) ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан тұлғаларға беру.

Формасы: ашық байқау.

Қатысу үшін өтінімдер беру: Павлодар қаласы, Астана көшесі, 61, каб. 101 А.

Құжаттарды ұсыну тәртібі: байқауға қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжай бойынша немесе құжаттардың толық жинағын жеке, пошта арқылы немесе өзіннің уәкілетті өкілі арқылы ұсынады.

Құжат ұсыну мерзімі: 2019 жылғы «13» наурыздан 2019 жылғы «29» наурызға дейін, жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.30-ға дейін (жергілікті уақыт).

Өтінімдер беруді бастаудың күні және уақыты: 2019 ж. «13» наурыздан 10.00 сағаттан бастап (жергілікті уақыт).

Өтінімдер беруді аяқтаудың күні және уақыты: 2019 ж. «29» наурызға 17.30 сағатқа дейін (жергілікті уақыт).

Мерзімі өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды. Осы хабарлама және байқау құжаттары туралы www.dkb2020.kz www.upt.pavlodar.gov.kz; www.damu.kz сайтынан білуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұсынылатын құжаттар тізбесі

 

Р/№

Заңды тұлға

Р/№

Жеке кәсіпкер

1.

Өтінім

1

Өтінім

2.

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі

 

1

Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі

3.

Салықтар, алымдар мен жарналар бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы анықтама

 

2

Салықтар, алымдар мен жарналар бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы анықтама

4.

Өтінім берген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған анықтама

3*

Өтінім берген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған анықтама

5.

Бизнес-жоба

4

Бизнес-жоба

6.

Кәсіпкердің

Бағдарламаның және/немесе «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың
2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының курстарында қысқа мерзімді оқытудан өткенін растайтын құжатының көшірмесі

5

 

Кәсіпкердің Бағдарламаның және/немесе "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының курстарында қысқа мерзімді оқытудан өткенін растайтын құжатының көшірмесі

 

7.

Өкілге б

ерілген сенімхат

6*

Өкілге берілген сенімхат

8

Кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бары туралы банктік шоттан берілген үзінді немесе жылжитын және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалық құнын растайтын құжаттар

7*

Кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бары туралы банктік шоттан берілген үзінді немесе жылжитын және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалық құнын растайтын құжаттар

* қажет болған жағдайда толтырылады