В рамках Механизма кредитования приоритетных проектов в Атырау поддержан первый проект по производству специальной обуви и спецодежды

+7 (800) 080 18 90

info@fund.kz

Жаңалықтар
14.05.2019

Атырауда «Басымдық берілген жобаларды несиелеу механизмі» аясында жұмыс киімін шығаратын алғашқы жоба қолдау алды

 

            Атырау обылсының жетекші кәсіпкері Олег Тасуньян аймақтағы құрылыс және мұнай компаниялары үшін арнайы аяқ киім мен жұмыс киімдерін тігумен жиырма жеті жыл бойы айналысып, өндірісін дамытып келеді.

          Кәсіпкер еңбек жолын Атыраудағы аяқ киім зауытында бастаған. Алайда қайта құру уақыты және зауыттың жабылуы жас маманға жаңа жол іздеуге мәжбүр етті. Бұған өкінген емес. Себебі бірнеше жылдан кейін Олег Тасуньян өз бизнесін ашып, өндірісте бақ сынауға бел буды.

          «Эртри» ЖШС 1992 жылдан бастап жұмыс істей бастады. Қазір Батыс Қазақстандағы аяқ киім өнеркәсібінің ең қарқынды дамып келе жатқан кәсіпорындарының бірі. Компания тұтынушыларға зақымданудан және химиялық әсерден сенімді қорғайтын жоғары сапалы және ұзақ киіс беретін өнімдерді ұсынады. СТ РК ИСО 9001-2009 сапа сертификаты және CT-KZ формасындағы тауардың шығу тегі сертификаты бар. Компанияда 40-тан астам адам жұмыс істейді.

          Әртүрлі күрделі жұмыс киімдерін тігу өндірістің логотипін сублимация және жылу беру арқылы таспаланайтын цехта жүзеге асады.

          Айта кетсек, «Эртри» ЖШС 2010 жылы БЖК-2020 мемлекеттік бағдарлама бойынша қаржыға алғашқылардың бірі болып қол жеткізіп, құрал жабдық-алып, несиесін субсидиялаған.

          Олег Тасуньян бизнесін кеңейту үшін мақсатында «Даму» қорына тағы келіп, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мамандары кәсіпкерге бизнес-жоспар жасауға көмектесті.

          Жабдық сатып алу үшін «Bank RBK» АҚ «Басым жобаларды несиелеу механизмі» бойынша 30 млн теңгені жылына 14%-бен мақұлдады, оның 6%-ын мемлекет субсидиялайды.

о.jpg

          Жобаның негізгі мақсаты - тапсырыс берушілер тарту арқылы кәсіпорынның орнықты дамуына жағдай жасау, жоғары сапалы және арзан отандық өнімдермен қамтамасыз ету, өз өнімдерін жоғары сапалы етіп, қол жетімді бағамен шығару арқылы ішкі нарықтағы импортты алмастыру. Бұл мақсатқа жаңа, заманауи жабдықтар пайдалану арқылы қол жеткізуге болады.

р.jpg

          Жаңа тұтынушылар негізінен Батыс Қазақстан облысы, Атырау облысының кәсіпорындары деген болжам бар. Сонымен қатар, шетелдік компаниялар да тапсырыс береді.

ф.jpg

          «Эртри» ЖШС басшысы Олег Тасуньян «Жыл кәсіпкері - 2016» байқауының жеңімпазы.

т.jpg

            «Мемлекет ШОБ дамытуға үлкен көңіл бөледі, ал «Даму» Қоры бізді үнемі қолдайды. Сіздерге алғысым шексіз», - дейді кәсіпкер.