Новый виток в развитии бизнеса с поддержкой Даму

+7 (800) 080 18 90

info@fund.kz

Жаңалықтар
15.05.2019

Дамудың қолдауымен бизнесті дамытудың жаңа кезеңі

Безымянный.jpg

Биыл 4-6 мамыр күндері Нұр-Сұлтан қаласында отандық өндірушілердің «Ulttyq ónim» атты жыл сайынғы V көрмесі өтті. Онда республиканың барлық аймақтарынан 500-ден астам компания қатысты. Бұл көрмеге қатысушылардың арасында Петропавлдық кәсіпкер, «Қазбекова» ЖК директоры Қараев Жәнібек мырза да келді. Жәнібек тоңазытылған жартылай фабрикаттарды «Emirate» брендімен шығарады. Кәсіпкер 7 жылдан бері осы салада еңбек етіп келеді.

1.jpg

2017 жылы кәсіпкер кондитерлік өнімдер мен жартылай фабрикаттар шығару үшін несие қажет болып, «Сбербанк» АҚ ЕБ-ге өтініш берді. Нәтижесінде 16 пайызбен алынған 34 млн теңге несие «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидияланып, кәсіпкер мөлшерлеменің тек 6 пайызын ғана өтейді. Қаржы қосымша жабдық алуға жұмсалды.

5.jpg 

Компания өнімдері Петропавлда және Солтүстік Қазақстан облысындағы шағын бөлшек сауда орындарында және ірі сауда орындарында сатылады. Бұдан басқа, «Эмират» сауда белгісі бар өнімдер Ақмола және Қостанай облыстарында, Ресей Федерациясының Омбы облысында кең танымал және сұранысқа ие. Бүгінгі күні компания  мұздатылған тағам өнімдерінің жиырма бестен астам түрін және 30-дан астам кондитерлік өнімдер шығарады. Олардың барлығы жоғары сапалы отандық шикізаттан жасалған, барлық санитарлық нормалар мен талаптарға сәйкес келеді.